МТРА жаңалықтары

Жыл басынан өңірде 5 адам суға кеттіЖыл басынан өңірде 5 адам суға кетті. Оның біреуі бала. Ал былтырғы жылы 7 жерлесіміз тілсіз жаудың құрбаны атанды. Осы ретте құтқарушылар дабыл қағуда. Тұрғындардың көбі арнайы бекітілген жерде шомылмай, рұқсат етілмеген жерлерде суға түседі екен. – Өңірде 2390 өзен, көлдер мен су қоймалары бар. Биылғы жылы суға шомылатын 51 арнайы орын бекітілген. Ел бойынша суға түсу маусымы жаз мезгілінің алғашқы күні басталды. Ал өткен демалыс күндері 4 бірдей жерлесіміз аптап ыстықта суға түсеміз деп батып кеткен. Статистика бойынша адамдардың 70 пайызы суға мас күйінде түсіп, тілсіз жаудың құрбаны атанып жатады. Жыл басынан өңірде 5 бірдей жерлесіміз суға кеткен. Оның біреуі – бала. Ал өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырса, былтыр 7 адам тілсіз жаудың құрбаны атанған. Тұрғындардың көбі арнайы бекітілген жерде шомылмайды екен. Ал оның арты соқпақты болып жатады дейді құтқарушылар. Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары: – 2015 жылы 28 адам суға кетті. Оның 5-уі бала. Ал былтыр 26 жерлесіміз тілсіз жаудың құрбаны атанды. Тағы бесеуі бала. Суға кеткендердің жастары әр түрлі. Негізінен 18 бен 58 аралығындағылардың үлесі – 65 пайыз. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және түрлі мемлекеттік ұйымдармен бірге ауқымды іс-шаралар өткізуде. Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары: – Маусымның 17-і мен мамырдың 17-і аралығында “Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету” айлығы өткізілді. Шара қорытындысы бойынша облыста 87 рейд ұйымдастырылды, 46 патрульдік қызмет жүргізілді, 45 жерде суға шомылуға тыйым салатын белгі қойылды. Сонымен қатар, 6100-ден астам жадынама таратылды. Айта кету керек, биыл Есіл өзені қатты тасып, 9 шақырым аумаққа дейін жайылды. Өзен арнасына оралғанымен кей жерлерде қара сулар қалды. Ал олардың барлығы әлі зерттелмеген. Қайсысы таяз, қайсысы терең екені белгісіз. Сол себепті, құтқарушылар тек арнайы белгіленген жерде ғана шомылуға кеңес береді. Өйткені, тіршілік көзі саналатын су қауіпсіздік шараларын сақтамаса әп-сәтте тілсіз жауға айналады. Риат Шони

– Өңірде 2390 өзен, көлдер мен су қоймалары бар. Биылғы жылы суға шомылатын 51 арнайы орын бекітілген. Ел бойынша суға түсу маусымы жаз мезгілінің алғашқы күні басталды. Ал өткен демалыс күндері 4 бірдей жерлесіміз аптап ыстықта суға түсеміз деп батып кеткен. Статистика бойынша адамдардың 70 пайызы суға мас күйінде түсіп, тілсіз жаудың құрбаны атанып жатады.

Жыл басынан өңірде 5 бірдей жерлесіміз суға кеткен. Оның біреуі – бала. Ал өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырса, былтыр 7 адам тілсіз жаудың құрбаны атанған. Тұрғындардың көбі арнайы бекітілген жерде шомылмайды екен. Ал оның арты соқпақты болып жатады дейді құтқарушылар.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:


–  2015 жылы 28 адам суға кетті. Оның 5-уі бала. Ал былтыр 26 жерлесіміз тілсіз жаудың құрбаны атанды. Тағы бесеуі бала.

Суға кеткендердің жастары әр түрлі. Негізінен 18 бен 58 аралығындағылардың үлесі – 65 пайыз. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және түрлі мемлекеттік ұйымдармен бірге ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Маусымның 17-і мен мамырдың 17-і аралығында “Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету” айлығы өткізілді. Шара қорытындысы бойынша облыста 87 рейд ұйымдастырылды, 46 патрульдік қызмет жүргізілді, 45 жерде суға шомылуға тыйым салатын белгі қойылды. Сонымен қатар, 6100-ден астам жадынама таратылды.

Айта кету керек, биыл Есіл өзені қатты тасып, 9 шақырым аумаққа дейін жайылды. Өзен арнасына оралғанымен кей жерлерде қара сулар қалды. Ал олардың барлығы әлі зерттелмеген. Қайсысы таяз, қайсысы терең екені белгісіз. Сол себепті, құтқарушылар тек арнайы белгіленген жерде ғана шомылуға кеңес береді. Өйткені, тіршілік көзі саналатын су қауіпсіздік шараларын сақтамаса әп-сәтте тілсіз жауға айналады.

Риат Шони