Қоғам

Жасотандықтар ардагерлерге көмек көрсетуде

Сәлтай Өмірзақова – еңбек ардагері:

– Огородқа былтырдан бері ештеңе отырғызбаймын. Бұрындары қияр, қызанақ пен сарымсақ та болатын. Қазір күшім жетпегендіктен, ештеңе отырғызбаймын. Екі жыл болды огород жоқ. Денсаулығым жоқ. Жүрегім де ауырады. Учетта тұрамын. Көзім де нашар көреді.

Сәлтай Ғалелқызының 3 баласы бар. Екі қызы Ресей Федерациясында тұрса, ұлы – Астана қаласында. Сондықтан, нәзікжандының мойнындағы барлық шаруаны тындыруда жасотандықтар көмектеседі. Баспана ішін жинап, қысқа отын дайындап, ауланы тазартады. Бүгін де бір топ еріктілер үйдің маңындағы шөп пен қоқысты шығарды.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Жазғы уақытта көптеген жастар демалыстарын босқа өткізбес үшін, осындай шаралар ұйымдастырамыз. Біз ата-апаларымызға әрдайым көмекке келеміз. Оларға үлкен құрметпен қараймыз. Ардагерлеріміздің арқасында біз, бүгінгі жастар, бейбіт күн кешудеміз.

Жасотандықтар қатарында бүгінде 20 ерікті бар. Жыл басынан олар 30 зейнеткерге барып, қолдан келген көмектерін көрсеткен. Жастардан бөлек қарияға аптасына екі рет әлеуметтік қызметкер де келеді екен.

 

Эльмира Сәдуақасова