Білім

Өңірде түлектер ҰБТ тапсыратын нысандар дайын

Адамдар қауіпсіздік ережесін сақтап, дереу сыртқа шығуда. Өрт сөндірушілерге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, корпустың 4-ші қабатында от шыққан. Ақау интерактивті тақтаның сымдарынан пайда болыпты. Қызыл жалын 2 сағат ішінде шамамен 300 шаршы метр жерді жалмаған. Ал оны жою үшін 3 бірлік техника мен 30-дан астам адам жұмылдырылуда. Бұл – әрине, оқу-жаттығу жұмыстары. Десе де, мамандар мұндай жағдайға кез келген жан дайын болуы керек дейді.

Асылбек Құржан – Петропавл қаласы №3 арнайы өрт сөндіру бөлімінің аға инспекторы:

– Ең алдымен адам қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн. Бір жерде тығылып қалмау керек.

Айту керек, мұндай шара өңірімізде ҰБТ ұйымдастырылатын барлық нысандарда жүргізілуде.

Жазира Қожахметова – СҚО ТЖД басқармасының бас маманы:

 


–  Адам көп болатын жерде қауіпсіздік шарасын ұстану маңызды. Сондықтан қазір біз ҰБТ болатын нысандарда дайындық жұмыстарын тексерудеміз.

ҰБТ өңірімізде маусымның 21-і күні басталады. Емтиханды өңір оқушылары арнайы жабдықталған нысандарда тапсырмақ. Биыл олардың саны облысымыз бойынша – 8.

Айгерим Ержанова