МТРА жаңалықтары

Аулалар жаңа кейіпке енуде

Ермек Наурызбаев – ПИК төрағасы:
–  Енді балалар өзге аулаларға кетпей, өз үйіміздің ауласында ойнайды. Баспанамыздың алды әдемі болды. Осы үшін еңбектенген депутатымыз Лаура Қайыржанова мен көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына және ерінбей еңбектенген тұрғындарға ризашылығымды білдіремін.

Жуырда нақ осындай мереке Жәлел Қизатов көшесі бойындағы 2б және 2в аулаларында да өтпек. Мұндағы аббаттандыру шараларымен халық қалаулысы Гүлнар Мұқышева айналысып жатыр. Ал Хименко көшесіндегі 12-ші үйде сайқымазақтар мен каратистер балалар үшін үлкен той-думан ұйымдастырыпты. Мұнда да аулаға құм төселіп, тренажерлар орнатылған. Жаңа әткеншектер де пайда болыпты.

Алексей Суховцов – үй тұрғыны:


–  Біздің депутатымыз Мадина Дарбаева осындай идея тастап, барлығымыз бірлесе жұмысқа кірісіп кеттік. Енді міне, ауламызда үлкен мереке. Көз қуантады. Бұрын бізде балалар алаңы мүлдем болмады деп айтуға болады.

Аббаттандыру шараларына қолдау көрсеткен тәіртіп сақшылары болса, осындай игі істер балғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне септеспек дейді.

 

Магжан Ахмадина