Спорт

СҚО-да “Технодом” дүкендерінің ұлттық желісінің қолдауымен Олимпиада чемпионы А.Винокуровтың жүлдесі үшін велокөпкүндік өтті

Сол себепті, бәсекенің деңгейі жоғары. Дәстүрге сай жарысқа еліміздің үздік велоспортшылары қатысады. Тек, олар бүгін сынға түспейді. Бақпен бап таластыратын нағыз сын ертең басталмақ. Сайыс алдында А.Винокуров атындағы «Спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры жастарға арнап үлкен сый жасауды шешіпті. Аталған ұйым барлық шабандозға спорттық каскаларды сайға тартты.

Дмитрий Андрющенко – А.Винокуров атындағы «Спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры директорының орынбасары, Астана қаласы:

– Велоспорт өте экстрималды. Жолда жоғары жылдамдықпен келе жатып жығылып қалуың мүмкін. Сол себепті үнемі қауіпсіздік басты назарда болуы тиіс. Осыны ескеріп біз барлық шабандозға арнап 100-ден аса каска сатып әпердік. Бұл дүнелердің жалпы құны 1 жарым млн теңгеден асады.

Сонымен, шабандоздар сынға түсер күн де келді. Сайыстың салтанатты ашылуы Бескөл ауылының орталығында өтпек. Қазір спортшылар жарыс алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтауда. Бір топ өрен дене қыздырып әлек. Келесілері велосипедтерінің ақауларын жөндеуге кіріскен. Биыл додаға түсер жастардың саны артыпты. Олардың әрқайсысы Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесінен үмітті.

Владимир Парахин – жарыстың бас төрешісі:


–  Өңірімізге еліміздің түкпір-түкпірінен жақсы құрамалар келді. Жарысқа 16 команда қатыспақ. Спортшылардың жалпы саны – 113 құрайды. Осы додада жастардың шама-шарықтары байқалады. Үздіктері ел құрамасы қатарына алынбақ.

Жарыстың ашылуынан соң шабандоздар іргедегі Бәйтерек ауылына қарай бет алды. Аталған елді мекеннен тартысты көпкүндік бастау алмақ. Көп кешікпей жарыс қатысушылары діттеген жерге жетті. Мұнда да жастар қатаң бақылаудан өтуі тиіс. Мамандар велосипеттерді байқайды, тізімге қосады.

Шабандоздардың велосипеттері ерекше. Олардың салмақтары жеңід. 5-7 келі.

Нұртуған Сеитов сайысқа сақадай сай. Ол Қызылорда облысының намысын қорғамақ. 14 жастағы Сыр өңірінің өрені бұған дейін бірнеше бәсекеге қатысып тәжірбие жинаған екен.

Нұртуған Сеитов – жарысқа қатысушы, Қызылорда облысы:

– Велоспортпен айналысқаныма 1 жылдан асты. Қызылорда облысында өткен жарысқа қатыстым.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларға сәттілік тілеуге велоспорттан Лондон Олимпиадасы чемпионының әкесі Николай Винокуров та келіпті.

Николай Винокуров – Александр Винокуровтың әкесі:

– Баламның туған жерінде осындай жарыс өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын. Менің ұлым велоспортпен жастайынан айналысты. Мына жеткіншектерге қарап Александр есіме түсіп отыр. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін. Оларда Олимпиада чемпиондары болсын.

Көп күттірмей бәсеке басталды. Шабандоздар Новокаменко селосына қарай бет алды. Бүгін топтық жарыс. Спортшылар күннің ыстығына қарамай 72,5 шақырымды еңсерулері тиісті. Доданың нақ орта тұсында бәсеке қызды. Осы сәтте шаршағандар анықталып артта қалды, ал желдей жүйткіген мықтылар көш басына шықты. Сонымен, алғашқы күндегі жарыста Жамбыл облысының өкілі Роман Дрожинин жеңімпаз атанды. Келесі кезеңде де тараздық тарлан алдына жан салмады. Үшінші, соңғы сын да дәл осы өрен көмбеге бірінші жетті. Ол 20 шақырымды 28 минут 21 секундта бағындырыпты. Осылайша Роман сайыстың ең үздік велошабандозы атанды.

Роман Дрожинин – велокөпкүндік жеңімпазы, Жамбыл облысы:


–  Жарыс ойдағыдай өтті. Жол аса қиындық тудырған жоқ. Командадағы әріптестерімнің арқасында 3 кезеңде де жеңімпаз атандым. Былтырғы өткен дәл осы додада топ жарған болатынмын. Болашақта Александр Винокуров сынды Олимпаиада чемпионы болсам деймін.

Айта кеткен жөн, велокөпкүндік жеңімпаздарына “Технодом” АҚ сауда дүкені бағалы сайлықтар әзірлепті.

Елена Старовойтова – Петропавл қаласындағы “Техноdom” сауда дүкенінің супервайзері:

– “Технодом” сауда дүкені желісі осымен 5-ші жыл қатарынан велокөпкүндікке қолдау танытуда. Биылғы жарыстың жеңімпаздарына 15 телефон мен 3 үрмелі диван сыйлағалы отырмыз. Тағы, құрама жаттықтырушыларына арналған марапатымыз бар.

Додада жалпы құрамалық есепте БҚО үздік үштікті тұйықтады. Екінші орынды Астана қаласы иеленсе, Жамбыл облысының жастары топ жарды.

Култанов Байболат