Туризм

Петропавлда “Қызылжар. Туризм-2017” II-ші аймақтық туристік көрмесі өтті

Олар қала тұрғындарының назарына өздеріндегі курорттық орындар жайлы әңгімелеп, демалыс орындарының ерекшелігімен таныстырып өтті. Жалпы, аймақтық көрме осымен 2-ші мәрте ұйымдастырылуда.

Құралай Жарова – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Былтырғы жылы туристік көрмеге Ресей Федерациясының өкілдері де қатысқан еді. Нәтижесінде, екі ел арасында әріптестік туралы меморандум жасалды. Қазір Ресей тұрғындары да еліміздің курорттық орындары жайлы мағлұмат алып, бізге демалысқа келуда. Бүгінгідей шараның арқасында жергілікті шипажайлар мен демалыс орындары жайлы халықты ақпараттандырамыз.

Әсел Шакимова Алматы облысына бұрыннан бармақ екен. Қазақстанның оңтүстігінің керемет табиғаты мен көздің жауын аларлық сұлулығына қызыққан нәзікжанды туризм көрмесіне келуді жөн санапты. Жалпы бұл аймақта 5 ұлттық табиғи парк пен 2 қорық бар. Сондай-ақ, еліміздің оңтүстігінде жаяу және ат туризмі қарқынды даму үстінде. Қала тұрғыны Алматы облысындағы демалыс орындарының ерекшелігімен танысқаннан кейін, болашақта отбасыммен бірге міндетті түрде барамын деп отыр.

Әсел Шакимова – қала тұрғыны:

– Бірнеше жылдан бері отбасымызбен Алматы облысына баруды жоспарлаудамыз. Әзірге, балаларымыз кішкентай, жолды көтеру қиын. 02-15/31 Көрмеден кейін әрбір жыл мезгілі барған жөн екенін түсіндім.Себебі, әрбірінің өз ерекшелігі бар.

Ал, Көкше өлкесіндегі 300-ден астам курорттық орынға денсаулығын сауықтырыпғ тынығу үшін жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бұл аймақтағы шипажайлар күніне 12 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Мәселен, маусымның 1-інен қыркүйек айының басына дейін ғана жарты миллион турист келеді екен.

Шынарбек Батырханов – Ақмола облыстық туризм басқармасының жетекшісі:

– Бізде 70-тен астам туристік компания бар. Күн сайын 1200 дем алушыны Астана қаласына “Экспо-2017” көрмесіне жөнелтудеміз.

Туристік көрмеге сондай-ақ, солтүстікқазақстандық демалыс орындарының өкілдері қатысты. Жалпы өңірімізде 80-нен астам туристерді орналастыру орындары бар. Олардың 30-ы – демалыс нысандары. Шипажайлардың басым бөлігі Айыртау ауданында орын тепкен. Өткен жылы өңірге тынығу мақсатында 43 мың турист келіпті.

Эльмира Садвокасова