МТРА жаңалықтары

Элитное селосы маңында рұқсатсыз қоқыс төгетін полигон қоршаған ортаға зиянын тигізуде

Тіпті, айналаға шашылған мал өлікселерін де көзіміз шалды. Мұнда қоқысты Бескөл, Бәйтерек және Элитное селосының тұрғындары әкеледі екен. Адамдардың өз қолымен жасаған сұрықсыз картинаны республикалық “Петропавл-Жезқазған” тас жолымен қатынаған жолаушыларға жақсы байқауға болады.

Бұл экологиялық жағдай жайлы Қызылжар ауданы әкімдігі хабардар. Олар өзекті мәселені 2-ші жыл шешуге ниетті. Жуырда осы тақырып төңірегінде жиын да өткізіліпті. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қоқыс алаңын заңдастыру ісі жүзеге асуда. Дегенмен, бұған экологтар қарсы. Олар маңдайда егістік алқаппен қалың ағаш өскендіктен қалдық төгетін жер болмауы керектігін алға тартқан.

Ербол Багенов – Бескөл ауылдық округының әкімі, Қызылжар ауданы:

– Былтыр Бескөл ауылындағы тұрмыстық қалдықтар полигоны жабылды. Ол өзінің қорын түгелімен тауысты. Содан кейін, Элитное селосы маңындағы тас жол бойынан 4 гектар қоқыс алаңын ұйымдастырдық. Қазір керексіз заттарды лақтыратын жердің аумағы 8 гектарға өсті. Экологиялық нормаларға байланысты полигонды былтыр заңдастыра алмадық. Биыл қайта құжаттарды жинаймыз. Бюджетке өтініш берілді.

Бұл істі бір жақты ету үшін 2 млн 250 мың теңге қаржы қажет екен. Айта кеткен жөн, жыл басынан Бескөл ауылдық округында апаттық қоқыс полигондарынан 20 тонна қажетсіз зат жойылыпты.

Байболат  Култанов