МТРА жаңалықтары

“Алтын дәрігер” төсбелгісінің иегері Бейбіт Мұстафина 70 жасқа толды

Халықтың және биліктің
зор алғысын алып, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, “Алтын дәрігер”, Петропавл қаласының Құрметті азаматы сынды атақтар алды. Биыл Бейбіт Мұқышқызы 70 жасқа толды. Сәйкесінше, мерейтой иесін барша жерлестері құттықтауға асық. Салтанатты жиында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың құттықтауы оқылды.

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:

– Сіздің басшылығыңызбен ангиографиялық кабинеті бар кардиохирургия бөлімшесінің ұжымы қалыптастырылды. Бейбіт Мұқышқызы сізге мықты денсаулық, бақыт тілеймін!

Бейбіт Мұқышқызы қиын, өте жауапты жұмыстардан ешқашан қашпаған. Үнемі маңызды шаруаны басында жүрді дейді әріптесі Азамат Мағзұмов.

Азамат Мағзұмов- облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері:

– Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен облыстарда кардиологиялық орталық ашу керек болды. Онда да Бейбіт Мұқышқызы алға шығып, бұл бастаманы жүзеге асыруға үлесін қосты. Бүгінде СҚО кардиология орталығы түрлі көрсеткіштер бойынша республикада үздік үштікке енді.

Бейбіт Мұстафина әдеттегідей өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шығып, жүрекке ота жасайтын біліктілігі жоғары мамандарды даярлап шығыпты. Оларға қазіргі таңда сұраныс жоғары, Қазақстан және Ресейдің емдеу ұйымдарында жемісті еңбек етіп жүр. Дәрігер-ұстаздың тәрбиесі мен тәлімін алған сол шәкірттерінің кейбірі алдында тұр.

Мақсат Құдратуллаев – СҚО кардиологиялық орталықтың рентгенэндоваскулярлы хирургия және сәулелі диагностика бөлімшесінің меңгерушісі:


– Бейбіт Мұқышқызы 45 жылдық еңбек өтілінің ішінде өте үлкен шәкірттер плеядасын тәрбиелеп шықты. Осы мерзім аралығында облыстық ауруханадан бастап сақтандыру қоры, кардиологиялық орталық, 2-ші қалалық аурухана сияқты түрлі-түрлі мекемелерде жұмыс істеген. Сол жерлерде тәрбиелеген шәкірттері қазір барлық облыстарда қызмет жасайды.

Бұрынғыға қарағанда, бүгінгі кардиологиялық орталықтың мүмкіншілігі зор.

Бейбіт Мұстафина ұстазым жақсы болды сондықтан өмірлік ұстанымым жақсы дейді. Болашақта отандық медицинаның озық боларына үлкен үмітпен қарайды.

Бейбіт Мұстафина – Денсаулық сақтау ісінің үздігі, “Алтын дәрігер” төс белгісінің иегері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы:


– Қазіргі медицина саласының қызметкерлері өте жақсы кезеңде жұмыс істеп жатыр. Барлық жағдай жасалған, қарастырылған. Болашақта жоғары деңгейде сапалы медициналық қызмет көрсететін елдердің ондығына Қазақстан да енеді деп ойлаймын.

Бейбіт Мұстафина бүгінде облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі. Елдің ертеңін ойлайтын қыз-келіншектерді тәрбиелеуге атсалысып жүр. Оларды кәсіпкерлікпен айналысуға үгітеп, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосуын жалғастыруда.

Берік Қасен