МТРА жаңалықтары

Туыстары Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың сүйегін Украинадан Қазақстанға әкеліп, жер қойнына тапсырмақшы

Юрий Золотин – тарихшы:

– Бірақ, іс мұнымен бітпеді. Украина үкіметі Чернобыль атом электр станциясын саламыз деп, Чернобыль қаласының жанындағы азаматтық зиратты басқа жерге көшірді. Бүгінде Украинада вандалдар зираттар мен Ұлы Отан соғысына қатысы бар ескерткіштерді қиратып жатыр. Олар ертең Әбу Досмұхамбетовтің ескерткішіне зақым келтіруі мүмкін.

Бүгінде осыған Әбу Досмұхамбетовтың 2 інісінен тараған ұрпақтары қатты алаңдайды. Сейілбек Башимов марқұмға туған жерінің топырағы бұйырса дейді.

Сейілбек Башимов – Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың немере інісі:

– Мен Әбу Досмұхамбетовтің немере інісімін. Туысымның сүйегін эксгумациялап, оны елге қайтару үшін барлық қам-қарекетті жасап жатырмын. Қазақстандағы Украина елшісіне осы ұсынысымды жеткіздім. Қазір Астанада келіссөздер жүріп жатыр.

Кеңес Одағының Батыры СҚО-ның Қызылжар ауданында дүниеге келген. 2020 жылы Әбу Досмұхамбетовтың туғанына 100 жыл толады. Соған дейін Сейілбек Башимов ағасының сүйегін туған жеріне әкеліп, жер қойнына тапсырмақшы.

Берік Қасен