Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Қызылжар су” ЖШС биыл “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 жобаны жүзеге асыруда

Евгений Дзюбенко – “Петропавловск Спецкоммунстрой” ЖШС директоры:

– Біз жұмысқа мамырдың 27-сі кірістік. Жоспар бойынша 2,5 айдың ішінде аяқтауымыз керек. Ауыстырылатын құбырлардың жалпы ұзындығы – 572 метр. Қазір істің 40 пайызы тындырылған. Бұл учаскеде 10 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған.

Жұмыстың барлығы “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы аясында тындырылуда. Қаржыландыру да осы жоба арқылы жүргізілген. Бөлінген ақша – 110 млн теңге. Істің тиянақты орындалуын бүгін “Нұр Отан” партиясы фракциясының мүшелері қарады. Мердігер компания өкілдерімен тілдесіп, жұмыс аяқталған уақытта жолды жөнді қалыпқа келтіруді тапсырды.
Келесі нысан – Омутки өзені бойындағы дамба.

Бұл жерде су жинағыш тоғанның құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны 170 млн теңгені құрайды. Мердігер компания “СК-Максимум” серіктестігі жұмысқа мамырдың 17-і кіріскен. Жоспар бойынша мұнда суды Есіл өзеніне ағызып отыруды жүйелі түрде оператор атқарады. Сол себепті, маман отыратын ғимарат тұрғызылуда. Сонымен қатар, жақын маңдағы Пресновка елді мекенінен жарық тартылып, жол төселеді. Бұның барлығы ағымдағы жылдың қарашасына дейін тындырылмақ.

Арман Сауытов – “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры:

– Бұл жерде 7 құбыр орнатылып, әрбіріне шығын өлшегіш құрал тағылады. Өйткені, біз кәріздегі суды Есіл өзеніне лақтыру үшін экология департаментінен рұқсат аламыз. Енді біз шығын өлшегіш арқылы барлығын реттеу мүмкіндігіне ие боламыз. Кәріздегі су бұл жерге жету үшін 4 бірдей көлден өтеді. Яғни, Есілге құйылар кезде толық болмаса да, таза күйінде түседі. Ал, тұрғындарға тіршілік көзі түпкілікті тазартылған күйде жетеді.

“Нұр Отан” партиясы фракциясының мүшелері мен халық қалаулылары мемлекеттік бағдарлама аясында жүріп жатқан жұмыстардың барысын мұқият байқап, олқылықтар орын алмауы керектігін ескертті. Жалпы тындырылған іске оң бағаларын берді.

Сергей Тимофеев – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ “Нұрлы жол” бағдарламасын іске асыруды бақылау комиссиясының төрағасы:

– Коллектор мен дамбада атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімізбен көрдік. Мердігер компаниялар жергілікті жердікі. Тындырылған шаруа барысына көңілім толды.

Бұдан өзге “Қызылжар су” серіктестігі биыл “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы аясында тағы 4 жобаны жүзеге асыруда. Олар Петропавл қаласындағы сорғы станцияларын жөндеу.

 

Риат Шони