Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда газ бағасы қымбаттамақ

Олег Иванов – «Горгаз-Сервис» ЖШС директоры:

– Бағаның шарықтауына негізгі себеп – ол біз сатып алатын зауыттардағы газ құнының қымбаттауы. Тағы біздер еңбеккерлердің жалақысын өсіруді көздеп отырмыз. Қазіргі таңда серіктестікте 150-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың орташа еңбекақысы – 86 мың теңгенің маңайында. Тағы былтыр кәсіпорын шығынға батты. Оның көлемі – 40 млн теңгеден асады. Осының барлығын реттеу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бағаның өсуін сұрап отырмыз.

Монополист компанияның өтініші толық көлемде мақұлданса, онда тұрғындар шілде айынан бастап тұтынған көгілдір отын үшін қосымша құн салығын есептемегенде бұрынғы бағадан 76 теңгеге қымбатырақ төлеуі тиіс. Яғни, осыған дейін газдың 1 текше метрі үшін 383 теңге төлесек, баға өссе – 459 теңге беретін боламыз. Қоғамдық тыңдауға қатысқан петропавлдықтар болса, мұнымен келіспек емес. Олар газ бағасын шарықтатуға еш негіз жоқ деп отыр. Оған әсіресе, зейнеткерлер қарсы.

Амангелді Кенжеғозинов – СҚО ардагерлер кеңесі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы:

– Олар техникалық негіздемеде көрсеткен баға тым көп деп ойлаймын. 19,8 пайызға өсіру негізсіз. Қалада газголдерлер алмастырылмайды, тағы газ құрылдарын ауыстырғандарын көрмеппіз. Сондықтан менің ойымша, кәсіпорының аса шығындары жоқ.

Осыған дейін газ бағасы бір жыл бұрын 5 пайызға көтерілген екен. Жалпы айта кету керек, бүгіндері кәсіпорын 55 мыңнан астам петропавлдыққа қызмет көрсетеді.

Магжан Ахмадина