Денсаулық сақтау

Петропавлда Елатом құрылғылар зауытының аппараттары төмен бағамен сатылуда

Камила Осипова – қала тұрғыны:

– Бұл аппарат бірден менің қызығушылығымды тудырды. Оның пайдасы зор екен. Жаңа маман маған оны қолдану ережесін түсіндіріп берді. Әжем варикозға шалдыққан. Үнемі аяғым қақсайды деп айтады. Сол себепті, сатып алдым. Шипасы болса екен дейміз.

Тағы, бүгінгі көрмеде “Мавит” атты қондырғы да бар. Ол ерлердің қуықалды безінің қабынуын, буын ауруларын емдеуге арналған. Бағасы – 44 400 теңге. Бұл аппарат тұрғындардың үлкен сұранысына ие екен.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– Қондырғының адамға ағзасына еш зияны жоқ. Дегенмен, дәрігердің кеңесі бойынша қолданған дұрыс. Жыл басынан жерлестеріміз аспаптың 100-ден астамын сатып алды. Көбіне ересек жандар алады.

Айта кетейік, Петропавлда Елатом құрылғылар зауытының көрмесі 7-ші маусымнан өткізілуде. Тұрғындарға сапалы тауарды сатып алуға тамаша мүмкіндік туды. Қазіргі таңда қаламыздағы №7 әлеуметтік дәріхана желілерінде бұл аппараттар арзандатылған бағамен саудалануда. Жалпы, Петропавлда мұндай 8 бірдей дәріхана бар екен.

– Тағы, тұрғындар қаламыздағы №7 әлеуметтік дәріхана желілерінен “Унилор” аппаратын да сатып ала алады. Бұл қондырығының адамдар үшін пайдасы зор. Әсіресе, мұрын, құлақ бітелгенде қолдануға болады. Тағы, аллергияға ұшырағанда да шипасы мол.

 

Култанов Байболат