МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында “ForteBank” АҚ екінші бөлімшесі ашылды

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев шағын және орта бизнестің дамуына үнемі ерекше назар аударады. Нәтижесінде, елімізде де, облысмызда да түрлі бағдарламалар жүзеге асып, механизмдер бекітілді. Осыған орай, кәсіпкерлер саны артуда. Бизнестің дамуында банктің рөле ерекше.

Бұл – қаржы ұйымының облыс орталығындағы екінші бөлімшесі. Алғашқысы тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе, жаңа ғимарат жеке және заңды тұлғаларға арналған екі залмен қамтылған. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов банк қызметкерлерінің жұмысымен танысып, өз бағасын берді. Жалпы қаржы ұйымында 76 адам жұмыс істейді.

Ринат Қожахметов – “ForteBank” АҚ Петропавл қалалық филиалының директоры:

– Бүгінде біздің банк өз клиенттері үшін заманауи қызмет түрлерін ұсынады. Сондай-ақ, ғимарат жұмысқа қажетті барлық технологиялармен жабдықталған. Біз мобильді қосымшалар, интернет-банкинг және елімізде үлкен сұранысқа ие карточка технологияларымен жұмыс істейміз.

Өткен жылдан бері банк клиенттеріне арналған “ForteBank” мобильді қосымшасы жұмыс істеуде. 2017 жылдың басынан бері оны қолданушылар саны екі есеге артып, бүгінде еліміз бойынша 90 мың адамға жеткен.

 

Эльмира Садвокасова