Ауыл шаруашылығы

Үкімет отырысы өтті

Биыл еліміздегі егіс алқабының жалпы ауданы 22,5 млн гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 650 мың гектарға артық. Егін егу жұмыстарын әртараптандыру аясында сұранысы жоғары дақылдарды егетін алқаптар 1 млн 348 мың гектарға ұлғайтылды, бұл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жоспарланған индикаторынан 340 мың гектарға жоғары көрсеткіш.

Қайрат Айтуғанов – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

– Айталық, майлы дақылдар алқабы – 342 мың, жасымық, бұршақ және ноқат – 209 мың, азықтық дақылдар – 555 мың, арпа, сұлы, қарабидай сынды мал азығы дақылдары – 235 мың, қант қызылшасы 7 мың гектарға, не 1,5 есеге, ал жасымықтың алқабы 105 мыңнан 295 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Осы ретте айта кету керек, тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана оның көрсеткіші 2,5 есеге, 78 мыңнан 196 мың гектарға дейін артты. Бұл Қазақстанға әлемде аумақ бойынша бесінші және экспорт бойынша төртінші орынды иеленуге мүмкіндік береді.

Бақытжан Сағынтаев – ҚР Премьер-министрі:

– Әртараптандыру бойынша Елбасы тапсырмалары орындалып жатыр. Оны жиын барысында байқадық. Жақсы жұмыстар СҚО жүргізіліп жатыр екен. Оны жаңа ғана әкімнің баяндамасынан естідік. Бұл бағыттағы шаруа жалғасуы тиіс.

 

Магжан Ахмадина