МТРА жаңалықтары

Өңір жетекшісі жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған мектеп бітіруші түлектермен кездесті

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Сіздерге қолдау көрсетіледі. Колледжге түсемін дегендерге 17 мың теңге көлемінде шәкәрт ақы төленеді. Жатар орын тегін болады. Ал, ЖОО түсушілерге 20 мың теңге шәкіртақы беріледі.

Кездесуге қатысып отырған әр жас аймақ басшысымен емін-еркін әңгімелесті.
Айғаным Құдайберген бүгінгі шараға қатысу үшін Жамбыл ауданынан келіпті. Ол 13 жасынан ата-анасының қамқорынсыз қалған екен.

Айғаным Құдайберген – Айымжан орта мектебінің түлегі, Жамбыл ауданы:

– Мен Айымжан ауылынан келдім. Ата-әжемнің қолында өстім.

Айғанымның арманы асқақ. Жерлесіміз биыл ЖОО-ға түсуді қалайды. Кейін, биология пәні мұғалімі атансам дейді. Облыс әкімі бойжеткенге болашақта мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа орналасуға кеңес берді.
Ал, Александра Семченко – қаламыздағы №40 орта мектептің түлегі. Ол спортпен шұғылданғанды жаны сүйеді. Жазғы Президенттік көп сайыстан бірнеше мәрте ел чемпионы атанған.

Александра Семченко – №40 орта мектептің түлегі, Петропавл қаласы:

– Мен – “спорт шеберіне үтімкермін”. Облыстық, республикалық жарыстарда топ жардым. Мәселен, 2016 жылғы Жазғы Президенттік көп сайыстан ел чемпионатында жеңіске жеттім. Болашақта СҚМУ-ға оқуға түскім келеді. Қазіргі таңда біздер сынды жастарға мемлекет көп қолдау көрсетіп жатыр.

Аймақ басшысы Александраға спортта табыс тіледі.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Спортпен шұғылдану керек. Мұны елбасы да жиі айтады. Ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. Қазір біздің қаламызда тренажерлер саны артып келеді. Келешекте саятақтарда спортпен айналысуға болатын жерлер көбейеді.

Тағы, жиында Құмар Ақсақалов өңір жастарына үнемі қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Болашақта қаламызда аумағы 13 мың шаршы метрді құрайтын “Оқушылар сарайы” тұрғызылмақ. Онда өскелең ұрпақ білім, ғылым және спортпен шұғылданады. Өз сөзінде өңір жетекшісі залға жиылған ұл-қыздарға ҰБТ сәттілік тіледі.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Маңыздың сынақтан барлықтарыңыздың жоғары ұпай жинауларыңды тілеймін. Емтихан кезінде біз сіздердің қолдаушыларыңыз боламыз. Тестілеуді аман-есен өткеруге тілектеспін.

Ал, жиын соңында жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған 64 түлекке облыс әкімі 40 мың теңгеден ақшалай сыйақы табыстады. Кейін барлығы естелік суретке түсті.

 

Култанов Байболат