Білім

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін ұшырды

Камила Алимбаева – Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі:

 

– Мен енді Гон-Конгта білім алатын болдым. Шетелде туризм саласын меңгеріп, болашақта елімізде осы саланы дамытсам деймін. Бұл жетістікке жетуіме ұстаздарым мен анам қолғабыс етті. Сол кісілерге алғысым шексіз.

Ал тағы 7 оқушы биыл «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл қыз-жігіттер мектептің үздіктер кітабына еніп отыр. Алмаз Жамбыров солардың бірі. Алдағы уақытта ол Венгрия қаласында инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алсам дейді.

Алмаз Жамбыров – Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі:

– Халықаралық дәрежедегі ұстаздармен бірге Назарбаев университетіне түсуге дайындалдым. Емтиханды жақсы тапсырып, грант ұтып алдым. Бірақ Венриядағы ЖОО түскім келеді. Қазір арнайы тестті тапсырым, сол жақтан жауап күтудемін.

Айту керек, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері ҰБТ-ге қатыспайды. Тек 5 пәннен болатын ішкі емтиханды ғана тапсырады.

Нұрғали Елшібеков – Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

– Үкіметтің шешімімен біздің мектептер ҰБТ тапсырмайды. Бірақ біздің сыртқы жиынтық бағалауымыз бар. Ол A- level дүниежүзіндегі емтиханның дәрежесімен бірдей. Өтке күрделі емтихан. Сол етиханнан біздің оқушылар сүрінбей өтіп, мектепті жақсы нәтижемен аяқтады.

Бұл күн оқушылар мен ұстаздар үшін толқынысқа толы. Араларында қимастық сезім байқалады. Екі жыл ішінде олар бір-біріне бауыр басып үлгерген. Оны мұғалімдерінің оқушыларына арнаған концерттік бағдарламаларынан да аңғаруға болады.

Ата-аналар болса, балаларының жетістіктеріне қуанып, кеуделерін мақтаныш сезіп кернеп тұр.

– Қызым шет елде оқитын болды. Әрине қуаныштымын. Бірақ іштей қобалжу да бар. Бірақ баламның болашақта үлкен азамат болып, ел дамуына қосар үлесі көп болғанын қалаймын.

Қолдарына аттестаттарын алған түлектер енді ертеңгі студенттік өмірге дайындалады. Ал олардың орнына енді келер оқу жылы 80 оқушы қабылданады деп жоспарланған.

 

Айгерим Ержанова