МТРА жаңалықтары

«Минута славы» жобасы аяқталды

Денис Половинка – «Brooklyn» би мектебінің негізін салушы:

 

– Барлық балалар керемет билейді. Бүгін біз де назардан тыс қалмаймыз. Қазылар алқасына қолымыздан не келетінін көрсеткіміз келеді.

Илья Ткаченко мен Анастасия Ерофеева Ресейде ұйымдастырылған «Минута славы» жобасына қатысып, жартылай финалға өтіпті. Олар бала кездерінен бері бірге мәнерлеп сырғанаумен айналысады. Қос жұптың акробатикалық этюды көпшіліктің көңілінен шықты.

Илья Ткаченко, Анастасия Ерофеева – «Неизвестные» дуэті , Екатеринбург қаласы РФ:

– Жастар өздерін әр қырынан таныта алу үшін осындай жобалар өткізу керек. Бұл алаңда дарындылар көсіліп тұрып көпшіліке өнерін көрсете алады. Жаңа би түрлері, жаңа жанрлар осындайда пайда болады. Тек жастарға жағдай жасап, тынысын ашу қажет. Біз де бүгін қазылар алқасының мүшелерімен бірге отырып, үміткерлерді бағалаймыз.

Конкурсқа 50-ден артық адам қатысуда. Біреуі ән салды, басқалары қазыларды ерекше қойылымдарымен таң қалдыруға тырысып бақты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, өңірімізде өнерпаз жастар жетерлік.

Закиржан Мамлютов – «Минута славы» жобасын ұйымдастырушы, Петропавл қаласы:

– Осы байқау арқылы біз ересектердің арасында да дарындылар бар екенін көрсеткіміз келеді. Конкурста жас шектеуі жоқ. Осы кезеңнен ойдағыдай өткендерді Мәскеу қаласында өтетін “Минута славы” жобасына қатыстырмақ ойымыз бар.

Әр үміткер бойдағы толқынысын басып, орайы келіп тұрғанда талантын барынша көрсетіп қалуда.

Осымен жеңімпаздар анықталды. «Минута славы” байқауының бас жүлдесі биші Станислав Алертке берілді. Ол бір нөміріне брейкданс және сурет салу өнерін біріктіре алған.


Берік Қасен