МТРА жаңалықтары

Елімізде “Мен Қазақпын” атты халықаралық телевизиялық мега жоба бастау алды

“Туған жер” би ансамблінің жастары да өнер көрсетті. Мың бұралған ұл-қыздар би билеп делебені қоздырды. Жалпы, мега жоба 3 аталым бойынша өтпек. Күмбірлетіп күй шертетін, терме мен дәстүрлі ән орындайтын жандар ереже бойынша 18-бен 40 жас аралығында болуы тиіс. Облыстық сынға 22 жерлесіміз қатысуға бел байлапты. Жоба ұйымдастырушылары теріскей топырағынан нағыз таланттарды табарына сенімді.

Айбек Бекбосынов – күйші, “Мен Қазақпын” атты халықаралық телевизиялық мега жобаның жүргізушісі:

 

–  Қызылжарға соқпай кете алмадық. Бұл өлкенде талантты тұлғалар көп туды. Олардың ізін басар жандар да баршылық.

Кейін, үміткерлер “Абылай хан резиденциясын” аралады. Сонымен, “Мен Қазақпын” атты халықаралық меге жобаның ең қызықты сәтіне де кезек келді. Байқау шымылдығын термешілер ашты. Дәурен 
Топышев М.Жұмабаев ауданы атынан қатысуда. 25 жастағы жерлесіміз Аян Жаналиннің “Ағайын” атты туындысын орындады.

Өнерпаз бойдағы дарынның арқасында өзгелерден оза шапсам дейді.

Дәурен Топышев – жобаға қатысушысы, М.Жұмабаев ауданы:

– Өзім термешілер байқауына алғаш рет қатысып. Саханада жүргеніме 15 жылдай болды.

Жалпы, бұл меге жоба халықаралық деңгейге ие. Қазіргі таңда байқаудың іріктеу кезеңдері елімізбен, көршілес Ресей, Қытай және Моңғолия мемлекеттерінде өтуде. Басты мақсаты – атадан-балаға мирас болған ұлттық өнерді ұрпаққа насихаттау болып табылады. Жобаның республикалық кезеңі кыркүйек айында Астана қаласында өтпек.

 

Култанов Байболат