МТРА жаңалықтары

Адвокаттар Нанаевтың өліміне қатысы бар деген 4 айыпталушыға шыққан сот шешімін өзгертуді сұрап отыр

Владимир Кириленко – облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы:

– Бұл өтініш қанағаттандырылмайды. Себебі, Сайлауов Данияр куәгер болмаған. Яғни, Нанаевтың төбелескен уақытын көрмеген. Ол клубтан шыққан уақытта Игорь жерде жатқан. Куәгер тек Мақатов пен Македоновтың төбелесін көрген.

Жанбатыр Әскеровтің де адвокаты қорғалушысының кінәсіздігін айтуда. Себебі, ол керісінше ұрыс-керісті болдырмауға тырысып, клуб күзетшісін шақырған. Сонымен қатар, Жанбатырдың бұл қылмысқа қатысы бар екендігін бір ғана куәгер растаған. Оның үстіне нәзікжанды өзінің көрген-білгенін сот залында бірнеше мәрте ауыстырып отырған. Сонымен қатар, ол Игорь Нанаевты оның досымен шатыстырып алуы да ғажап емес дейді қорғалушының адвокаты Мұрат Жеңісұлы.

Мұрат Жеңісұлы – адвокат:

– Антропов масаң күйде келді. Оны ол өзі де растап отыр. Сыра, арақ пен виски де ішкен. Жас ағза мұндай мөлшердегі алкогольге қалай шыдас берсін? Ақыл-есі ауыса бастайды. Темекі сұрайды. Кейін ол қыздарды көріп, оларға жақындайды. Құшақтап, кетіп қалады.

Адвокаттардың барлығы да өз қорғалушыларының кінәсіз екендігін дәлелдеуге тырысуда. Дегенмен, кісі өліміне кім кінәлі?

Мұрат Жеңісұлы – адвокат:

– Қайбаров қоян-қолтық ұрыстан нұсқаушы болған. Егер де оған бір топ адам жабылса, Динаш барлығын еш қиындықсыз сұлатар еді. Нанаев оқиғасы соның бір дәлелі. Екеуінің төбелесі кезінде Қайбаров 5 рет қатты соққы бағыттаған. Нәтижесінде Игорь асфальтқа баспен құлады. 2 метрлік спортшыны құлатқан адамның күшін осыдан-ақ байқауға болады. Бұл куәгерлердің аузында жүрген сөз.

Адвокаттар сотталушыларға шыққан шешіммен келіспей отыр. Енді қорғаушылар алқа мүшелеріне олардың келтірген дәлел-дәйектерін ескеруді сұрайды. Десе де судьялар қалалық сотта кесілген үкімді еш өзгеріссіз қалдырды.

 

Айгерим Ержанова