МТРА жаңалықтары

ҚР Парламент Сенатының сайлауына 5 теріскейлік қатыспақ

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламент Сенаты депутаттығына үміткер:

– Мен де бағымды сынап, еліміздің Парламент Сенатының депутаттығына үміткер атандым. Өйткені, мен әрі қарай ел игілігі үшін қызмет етсем деймін. Қазір біз сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Жақында Мағжан Жұмабаев ауданында болып қайттым. Өңірімізде қандай проблемалар бар екенін мен жақсы білемін. Егер де алдағы уақытта Сенат депутаты атансам, облсымыздағы проблемаларды шешуге ықпалдасамын.

Үміткер Мейрам Меңдібаев облыстық жер инспекциясының басшысы қызметін атқарады. Ол өңірімізде экономикалық жағдайды жақсартып, әлеуметтік-мәдени саланы дамытуды көздеп отыр. Ал үшінші кандидат Есжан Оразалин “Солтүстік” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының” ҰК” АҚ басқарма төрағасы. Парламенттің жоғарғы палатасына өткен кандидат өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге ат салсыпақ. Бұл ретте Мамлют ауданының депутаттары да аудандағы шешімін күткен проблемаларды көтерді. Ал кәсіпкер Еркебұлан Мамбетов ауыл шаруашылығына берілетін қаржылай көмектердің мерзімін ұзартса екен дейді. Өйткені, қарызға алған ақшаны қысқа уақытта қайтарып беру шаруалар үшін қиынға соғады дейді ол.

Еркебұлан Мамбетов – СҚО мәслихатының депутаты, «Мамбетов и К» КС директоры:

– Ауыл шаруашылығына тұрақтылық керек. Шаруаларға берілетін қарыздың мерзімін сәл ұзартса екен. Өйткені, қысқа уақытта борышты өтеу керек. Бұл қиын.

Айту керек, Парламент Сенатының депутаттығына өңірімізден 5 үміткер өзін-өзі ұсынып отыр. Ал олардың арасынан депутаттық креслоға кім отыратындығы маусымның 28-і күні белгілі болмақ.

 

Айгерим Ержанова