Спорт

“Қарасай” стадионы күрделі жөндеуден өтуде

Виктор Лаврик – “Жеңіс” мамандандырылған ОРБЖСМ директоры:

– Футбол алаңынының ескі жасанды жабындысын біз басқа жерге төсейтін боламыз. Стадионның қасында осыған ұқсас алаң болады. Жүгіру жолағын да орнатамыз. Жөндеу жұмыстарынан кейін біз түрлі футбол командаларын қабылдай аламыз. Ол кезде стадион халықаралық талапқа сай болады.

Жаңа жабынды 36 млн теңге тұрады. Мұндағы жасанды шөптің биіктігі 5 см, бұрынғысы 4-еу болған. Айта кету керек, жаңа жабынды 10 жылға шыдас береді. Жалпы “Қарасай” стадионы 1965-ші жылы салынған екен. Содан бері мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті.

Сергей Игнатов – “Қызыл-Жар СҚ” ФК пресс-аташесі:

– Маусымаралық үзілісте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен стадионда бірқатар күрделу жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Қазір Қазақстан футбол федерациясының комиссиясы футбол алаңдарын қатаң тексеріп жатыр. Бірқатары, тіпті, талапқа сай болмай жабылды. Сол себепті, біз дер кезінде жұмысқа кірістік. Қазір алаң ауыстырылып жатқан кезде біздің команда өз ойындарын сыртта өткізуде.

Мұндай сондай-ақ футболшылардың киім ауыстыру бөлмелері де жаңартылды. Барлығы халықаралық талаптарға сай. “Қарасай” стадионындағы жөндеу жұмыстары шілденің 1-не қарай аяқталмақ. Бұл күні жергілікті футбол командасы өз алаңында ақтаулық “Каспий”-ді қабылдайтын болады.

 

Риат Шони