Құқық қорғау органдары

“Кедергісіз келешек” жобасы аясында рейд ұйымдастырылды

Руслан Акматов – Петропавл қалалық ЖПҚ Жол-патрульдық полиция батальонының инспекторы:

– Белгінің жанына мүгедектігін растайтын құжаты жоқ тұлғалар көлігін қоя алмайды. Егер олар темір тұлпарымен кембағал жанды әкелсе, онда 5 минутқа дейін аялдауына рұқсат етілген. Ережені бұзған азаматтарға 113 мың теңге, екінші рет қайталаса 170 мың теңге айыппұл салынады.

Бұдан кейін “Нұр Отан” партиясының мүшелері мен тәртіп сақшылары сауда үйлері мен банктердің жанындағы көлік тұрақтарын қарады. Онда да заңбұзушылар назарға ілікпеді. Мүгедек белгісінің жаны бос тұр. Сапаржайда ІІ-топтағы мүгедек Сергей Шевелевті кездестіріп, сөзге тарттық. Ол тұрақтарда кедергілерге тап болған жоқпын дейді.

Сергей Шевелев – ІІ-топтағы мүгедек:

– Мен жиі сапаржайға, сауда үйлеріне өзге де мекемелерге көлігіммен барамын. Барлық жерде мүгедектерге бөлінген орын бос тұрады. Жүргізушілер кембағал жандарға сыйластықпен қарайды.

Мұндай рейд шарасын “Нұр Отан” партиясының өкілдері жоспар бойынша екінші жарты жылдықта да өткізбекші.

Гүлнәр Халықова – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ бөлім меңгерушісі:

– Кедергісіз келешек” партиялық жобасының аясында рейд ұйымдастырып, мүгедектерге бөлінген көлік тұрақтарын қарадық. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың жанындағы аялдамаларда болдық. Заңбұзушылық байқалмады. Тек көлік қоятын орындардың аумағы ақ жолақ сызықтармен бегіленбепті. Соны мекеме басшыларына жеткіземіз.

Көлік тұрақтарында кедергіге тап болған мүгедектер “Нұр Отан” партиясының кеңсесіне қоңырау шалып, шағымын жеткізе алады.


Берік Қасен