Балалар

Өңіріміздегі лагерлер балаларды қабылдауды бастады

Сабина Шуақпаева – оқушы:

– Лагерьге өткен жылы да бардым. Сондықтан тағы бір мәрте баруды шештім. Жаңа адамдармен танысып, достар тапқым келеді.

Айгүл Дарменова бүгін лагерьге екі жиенін шығарып салмақшы. Арман мен Алинаның арасы екі жас. Сондықтан, балғындар екі түрлі отрядқа тіркелген. Бүлдіршіндер бірінші рет ата-ана қарауынсыз демалысқа баратындықтан, әжесі аздап қобалжуда.

Айгүл Дарменова – ата-ана:

– Бүгін керемет мереке. Жиендерімді алғаш рет лагерьге жіберейін деп отырмын. Бойымда аздап қобалжу сезімі бар. Лагерьді мақтаған соң, жақсы болады деп ойламын.

Отрядтарға тіркелу аяқталуда. Бірер минуттан кейін балғындар көптен күткен демалыстарына аттанады.

Күннің салқындығына қарамастан балғындардың көңілі көтеріңкі. Оларды “Ақ қайың” лагерінің алдында тәлімгерлері қарсы алуда. Енді 12 күн бойы балалар осы тәрбиешілерімен болады. Оқушылар үшін қызметкерлер көңілді бағдарлама дайындапты. Жалпы лагерьдің алғашқы ауысымы денсаулыққа байланысты. Сондықтан, мәдени іс-шаралармен қатар спорттық сайыстардың да өтетіні сөзсіз. Айта кеткен жөн, тәлімгерлердің барлығының педагогикалық білімі бар.

Диана Башенова – тәлімгер көмекшісі:

– Лагерьге тәлімгер боп келген себебім – мен балаларды өте қатты жақсы көремін. Олармен тез тіл табыса аламын. Балғындар үшін түрлі іс-шаралар дайындадық. Оларға ұнайды деп ойлаймын.

Жалпы “Ақ қайың” лагері өзінің алғашқы маусымында 180-ге жуық баланы қабылдап отыр.

Эльмира Садвокасова