МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында кезекті қайырымдылық шара өтті

Сайран Хамзин – СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы:

– Осындай акция арқылы даяшы кәсібіне қызығушылықты арттырғымыз келеді. Адамдардың басым бөлігі бұл тұрақсыз, студенттерге арналған оңай жұмыс деп есептейді. Алайда, бұл – өте қиын, сонда да өзінің қызығы мен шыжығы мол кәсіп. Біздің қаламызда 30 жылдық еңбек өтілі бар 10 ға жуық даяшы жұмыс істейді. Бұның өзі осы істің олар үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетуде.

Жаңа даяшыларға тәжірибелі қызметкерлер жұмыс барысын түсіндіріп, аздаған көмектерін көрсетуде. Әсемгүл Есқожа бүгінгі кәсібіне білек сыбана кірісіп кеткен. Бұл жұмыс қаншалықты жауаптылық пен жылдамдықты талап ететіне нәзікжандының көзі жетіп отыр.

Әсемгүл Есқожа – «Қоғамдық келісім» КММ» жетекшісі:

– Бұл іс-шараға, ең алдымен, қайырымдылық мақсатында қатысудамыз. 0-17/23 Бүгін даяшы болып қызмет істеп, бұл кәсіптің қыр-сырын меңгерудеміз. Әрине, осы шаруа өте қиын екен. Ең бастысы келушілердің тапсырысын уақытында және толығымен орындау.

Ал мейрамхана келушілері болса, даяшылардың қызметі қанағаттанарлық дейді.

– Жаңа официанттар үшін мәзір таныс емес. Бұған қарамастан олар барын салуда. Біз де өз тарапымыздан оларға көмек көрсетудеміз.

– Барлығы жарады. Қызметке көңіліміз толды. Жалпы облысымызда осындай қайырымдылық шараларының жиі өтіп тұратыны көңіл қуантады.

Өткен жылы акцияға 6 даяшы қатысқан, олардың табысы 100 мың тенгені құрапты. Ал биыл Сәбилер үйіне 270 мың теңге табысталды. Мінсіз қызметі үшін келушілер 10 официанттың ішінен Елена СемидОцких, Закиржан Мамлютов пен Ирина Панфилованы ерекше атап өтті.

Эльмира Садвокасова