Қоғам

Сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресу керек

Осындай пікірді Ассамблея мүшелері және дін өкілдерімен кездескен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің өкілдері айтуда. Өйткені, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынған. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында ұсыныстарын білдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда. Сондықтан, жастардың бойында да оған төзбеушілік принципін қалыптастырып, насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

 


–  Жастармен жұмыс жасау керек. Оларға этномедәни бірлестіктер, дін өкілдері арқылы насихат жұмыстарын жүргізу маңызды.

Магжан Ахмадина