МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Айды телескоппен тамашалады

Көлемі жағынан жерден 4 есе кіші. Кешқұрым далаға шығып, оған анығырақ қарасаңыз үлкен дақтар көрінеді. Оны 1651 жылы картаға астроном Джованни Риччоли мен физик Франческо Гримальди түсірген. Айдағы тереңдігі 3 километрлік ойлы-қырлы жерлері алыстан осындай дақ болып көрінеді. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы аспан денесін тұрғындарға көрсету үшін арнайы акция ұйымдастырыпты.

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ физика кафедрасының доценті:

– Мұндай шараны балалардың астрономия ғылымына деген қызығушылығын ояту үшін ұйымдастырдық. Айды кітап беттерінен көргеннен көрі, телескоппен қараған жақсырақ.

Ай бедерін дүрбі немесе телескоп арқылы дәлірек көруге болады. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ алдына екі телескоп пен әскери дүрбі қойылды. Аспандағы қызықты тамашалаймын дейтіндер аз болмады.
Максим Ещанов айды телескоптан бірінші рет тамашалады.

Максим Ещанов:

– Маған астрономия қатты ұнайды. Ғаламшар туралы үйде бірнеше кітаптарым бар.

Ал мынау Юпитер. Ол жерден алшақ орналасқандықтан бізге кішірек болып көрінеді.

Берік Қасен