Спорт

Республикалық “Мен чемпион” жобасының ауқымы артпақ

Евгений Сазанов – “Мен-Чемпион” жобасының авторы:

– Мен чемпион” жобасының алғашқы ойындары 2000-шы жылдары өткізілді. Бірақ, қаржы тапшылығынан жарыс көпке созылмай аяқталды. Дегенмен, 2015 жылы облыс әкімінің қолдауымен сайыс қайтадан ұйымдастырылды. Қазір, бұл дода еліміздің әр өңірінде танымал. Мектеп оқушылары қызыға қатысады.

Айта кетейік, биыл республикалық “Мен чемпион” жобасын өткізуге ҚР Білім және Ғылым министрлігі қолдау танытты. Аталған ведомство 3 жыл бойы жарысты қаржыландырмақ. Басты мақсат – балаларды ерте жастан спортқа баулып, дені сау ұрпақтың қатарын көбейту.

Қалкен Жақин – ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы:

– 2020 жылға дейін мектеп жасындағы балалардың 30 пайызын спортқа баулу қажетпіз. Қазір бұл көрсеткіш 27,5 пайызды құрайды.

Жоба авторы Евгений Сазановтың айтуынша болашақта жарысты халықаралық деңгейде өткізу жоспарда бар. Додаға ТМД елдерінің мектеп оқушылары шақырылмақ.

Евгений Сазанов – “Мен-Чемпион” жобасының авторы:

– Ресей елінің өкілдерімен бұрын бұл мәселені талқылағанбыз. Олар қатысуға қызығушылық танытты. Дегенмен, әлі де бірлесіп шешетін мәселелер бар. Өзім жуырда Армения мемлекетінде болдым. Ондағы балғындар додада бақ сынауға дайын екен. Тағы, бірнеше елдің Білім министрлігі келісіп, халықаралық жарыс өткізсек деймін.

Айта кетейік, бүгінгі таңда “Мен чемпион” жобасы “Хабар” телеарнасынан көрсетіліп жүр. Жақында отандық арна Қытай еліндегі телеарнамен әріптестік орнатыпты. Енді, спорттық бағдарламаны көрші елдің көрермендері де тамашаламақ.

Байболат Бектемірұлы