МТРА жаңалықтары

“Кеңес орталығы” енді қала тұрғындары үшін сауда орындарында жұмыс істейді

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– Қала тұрғындарының барлығы тиісті органдарға өздерін мазалайтын сұрақтармен бара алмайды. Олардың уақыты шектеулі. Сондықтан, адам көп жиналатын жерлерге шығып, кеңес беретін боламыз. Жоспарда өзге де сауда орталықтарына бару бар.

2 сағат ішінде мамандарға ондаған қала тұрғыны өздерін толғандыратын сұрақтарымен жүгінді. Олардың басым бөлігі – жұмыспен қамту және баспана мәселесі. Соңғы сұрақпен депутаттарға Сергей Омельченько келді. Азамат тұрмыстық жағдайын жақсартпақ ниетте. Осы орайда мемлекет тарапынан көмек болса дейді. Көпбалалы отбасы болғандықтан отағасы үйіміз барынша жайлы болса дейді.

Сергей Омельченко – қала тұрғыны:

–  Біз жер үйде тұрамыз. Алты баламыз бар: 4 ұл мен 2 қыз. Барлығы да әлі мектепте оқиды. Сондықтан, туындаған мәселе – тұрмыстық жағдайымызды жақсарту болып тұр. Үйімізді кеңейтіп, жөндеу жұмыстарын жүргізсек дейміз. Депутаттардан қандай құжаттарды жинап, қай мекемеге жүгіну керектігін сұрадым. Енді, мамандардың кеңесімен “Нұр Отан” партиясының қоғамдық қабылдауына бармақпын.

“Кеңес орталығының” жұмыс істеп жатқанын естіп келгендердің қатарында Аққу Мусина да бар. Нәзікжанды 2 ай бойы жұмыс іздеп жүр. 2013 жылы ол Ресейдің Мәскеу қаласында жоғарғы оқу орнын тәмамдап, бакалавр атаныпты. Алайда, сол уақыттан бері педагог маман өз кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алмауда.

Аққу Мусина – қала тұрғыны:

 


– Мен 2013 жылы жоғарғы оқу орнын бітірдім. Сол уақыттан бері өз мамандығым бойынша жұмыс іздеп жүрмін.

Еске сала кеткен жөн, “Кеңес орталығы” күн сайын “Тайга” базарында сағат таңғы 10-нан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді.

Эльмира Садвокасова