Спорт

“Экспромт” халықтық би театры халықаралық би байқауынан жүлдемен оралды

Яна Вайц – “Экспромт” халықтық би театрының бишісі:


– Конкурста 11 мен 13 жас аралығындағы қыздар ұжымы “Заманауи хореграфия” аталымына қатыстық. Орындаған биіміз күрделі болды. Соған қарап қазылар алқасы нөмірімізге жақсы баға берді.
Гран При иегері атандық. Қуанышымызда шек болмады. Сол күні Алматы қаласын араладық.

“Күншуақ” халықаралық фестиваль- байқауына қатысушылардың ең жасы 7-де. Алена Титова халықаралық конкурстан мол әсер алдым дейді.

Алена Титова- “Экспромт” халықтық би театрының бишісі:

– Солтүстіктен 36 адам барды. Барлық бишілер “Экспромт” театрының қатысушылары. Мен өзге қаладағы байқауға бірінші рет қатыстым. Адамдар өте көп болды. Астана және Алматы, Орал қалаларының ұжымдары өте жақсы өнер көрсетті.

«Күншуақ» халықаралық фестиваль-байқауынан жерлес үш ұжым жүлдемен оралды.

Елена Маринец – “Экспромт” халықтық би театрының көркемдік жетекшісі:

– Алматыда өткен дәстүрлі «Күншуақ» халықаралық фестиваль-байқауына отандастарымыздан бөлек Ресей және Қырғызстан азаматтары қатысты. Барлығы 140 ұжым өнер көрсетті. Біз 8 нөмір алып бардық. 4 номинацияға қатыстық. Соның үшеуінде қанжығамыз майланды.

Қуншуақ фестивалінде хореография сайысынан басқа ән салу және аспапта ойнау аталымдары болған.

Берік Қасен