Спорт

Петропавлда республикалық “Мен-Чемпион” жобасының финалдық ойыны өтті

Інжу Шәмшидин – “Қайсар” құрамасының ойыншысы, Қызылорда облысы:

– Жарысқа 1 жарым ай бойы дайындалдық. Жеңіске жетеміз.

Алғашқы бәсеке – көпсайыс. Бұл додада ұл-қыздардың жылдамдықтары сыналады. Әзірге, қызылордалықтар алда. Олар ұжым болып тамаша өнер көрсетті. Нәтижесінде барлық кедергіден мүдірмей өтіп, жеңіске жетті. Әлі алда бізді бірнеше конкурс күтіп тұр.

Мейрамбек Үтенова – сайыс төрешісі:


– Алда 5 конкурс бар. “Алып дөңгелек”, “Финалдық эстафета” сайыстары бар.

Жерлестеріміз келесі сайыста есе қайтарды. Олар скакалкада 65 рет секіріп таразы басын теңестірді.

Ал, “Алып дөңгелек” сынында қайсарлықтар қайсар мінез танытты. Сыр өңірінің өрендері ешбір қателікке жол бермей есепте тағы алға шықты. Төртінші бәсекеде ұжым капитандарының күші сыналды. “Гладиатор” деп аталатын додада жолбарыстық Әнуар Қанафин мен қонақтардың көшбасшысы Айбар Ибрайханов жан алысып жан берісті. Нәтижесінде қызылордалық балғын қарсыласын 3 мәрте жеңді.

Финалдық эстафетада да “Қайсар” командасының жолы болды. Осылайша олар биылғы финалда есе қайтарып республикалық “Мен чемпион” жобасының чемпиондары атанды. Марапаттау салтанатында барлық қатысушыларға естелік сыйлық ретінде қол сағаттар табысталды. Ал, қызылордалықтарға жеңімпаз кубогы сыйланды.

Айбар Ибрайханов – “Қайсар” құрамасының капитаны, Қызылорда облысы:

– Жарысқа жақсы дайындалдық. Былтырғы қателікті қайталамауға тырыстық. Нәтижесінде чемпион атанып отырмыз. Қуаныштымыз.

Сайыста екінші орынды жергілікті “Жолбарыс” құрамасы еншілесе, үздік үштікті ақтөбелік “Ақберен” командасының ұл-қыздары тұйықтады.

Байболат Бектемірұлы