МТРА жаңалықтары

Тілсіз жаудан келетін қауіп

Деседе су маңында келеңсіз оқиғалар тіркеліп үлгерді. Қазақстанда 2017 жыл басталғалы 58 адам суға кетіпті. Оның біреуі терскейлік малшы. Ақанбұрлық өзенінің маңында жүріп, суға батып кеткен. Жалпы соңғы 5 жылда өңірде 222 адам су құрбаны болыпты.

Ерік Сарыбасов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазақстанда былтыр 457 адам суға түсіп қаза тапты. Оның 36 пайызы ішіп алып суға түскендер. 156-сы 2-4 жас аралағындағы балалар. Сараптама нәтижесі олардың ата-ана қарауынсыз қалған жағадйда орын алғанын көрсетіп отырю

Биыл Солтүстік Қазақстандағы 2390 өзен-көлде 51 шомылу аумағы белгіленіпті. Ал, рұқсат етілмеген жерге шомылғандар биылдан бастап айыппұл төлейтін болады. Бұл ретте полицейлер мен құтқарушылар бірлескен рейд өткізеді. Бұған қатысты ҚР әкімшілік кодексында 3 бірдей бап бар. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті сақтанбағандарға заң бойынша айып тағайындайды.

Ерік Сарыбасов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– 51 орын арнайы жабдықталды. Ондағы белгіленген жерден асуға болмайды. Біз босқа белгілемейміз ғой. Белгіден ассаңыз тым терең, ағыс қатты, су иірімі бар деген сөз. 40 су айдынының астын толық тексердік. Су тасқынынан кейін неше түрлі діңгек, ағаштар ағып келді. Судың астында не барын білмейміз. Сондықтан қауіпті деген белгі орнатылған жерге түспеу керек.

“Біреудің ажалы судан, біреудің ажалы оттан”. Өңір құтқарушылары өзен-көлдердегіден бөлек, өрт қауіпсіздігін сақтауда да атқарып жатқан жұмыстарымыз көп деп отыр. Облыстық ТЖД-де 137 өрт сөндіру техникасы, 700 жеке құрамның қызметкері бар. Нұрлан Атығаев – кез-келген жағдайға тас-түйін дайынбыз дейді. Бұлай бола тұра, өңірдегі өрт оқиағаларына қатысты статистика көңіл көншітіп тұрған жоқ.

Нұрлан Атығаев, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– 2017 жылы 319 ірілі-ұсақты өрт тіркеліп, 23 адам көз жұмлы. Екуі бала. Былтырғыдан 36 пайызға көбейіп отыр.

Ал, оның келтірген шығыны 54 млн теңгеден артық. Қызыл жалын көбіне тұрғын үй секторларынан шығыпты. 1-наурыз күні Тайынша қаласында үй өртеніп 35 жастағы әйел мен 11- дегі қызы қатты күйікпен ауруханаға жеткізілген. Бірнеше күннен кейін бүлдіршін көз жұмды. Дәл осындай оқиға Булаев қаласында орын алып, 2014 жылы туылған бөбек қаза тапты. Бұдан бөлек ағымдағы жылы 5 орман өрті тіркеліп отыр. Тілсіз жау 11 гектар аумақты шарпып 1 жарым млн теңгенің шығыны келді.

Акбопе Танирберген