Спорт

Республикалық “Мен чемпион” жобасының финалдық кезеңі жалғасуда

Ал, біздің өңірдің ұл-қыздары жиі қателесті. Сол себепті болар олар 60 рет секірді. Бұл сәтсіздіктен соң жерлестеріміздің жанарынан сәл өкініш сезіледі.

Әнуар Қанафин – “Жолбарыс” құрамасының капитаны, СҚО:

– Жеңіліс таптық. Секірген кезде қыздар қателікке жол берді. Бірақ әлі алда бірнеше конкурс бар. Жеңіске жетеміз.

Үшінші конкурс өте тартысты өтті. “Көпсайыс” сынында қос команданың да балғындары жан алысып жан берісті деуге болады. Олар скейтта сырғанап, қап киіп секірді. Жүгірді, роллик тепті. Ойынның орта тұсына дейін командалар тең дәрежеде өнер көрсетті. Дегенмен, мәреге сынық сүйем қалғанда астаналықтар қателікке жол берді. Осыны пайдаланған “Жолбарыс” өрендері жеңіске жетті.

– Менің жанымда астаналық қонақтар тұр. Олардың көңілдері сәл түсіп кетіпті. Алуа ойын қалай өтті?


Алуа Кикбай – “Форсаж” құрамасының ойыншысы, Астана қаласы:

– Ойын өте тарысты болды. Бірақ, біз жеңілдік. Қарсыластарымыз мықты.

Жобадағы ең қызықты конкурс – “Капитандар сайысты”. Қазір ортаға шыққан қос команданың көшбасшылары Әнуар Қанафин мен Александр Гильмуллин “Сумо” ойынында бақ таластырмақ.

Бұл екі өреннің жігерлеріне сөз жоқ. Біраз алысып, жанкүерлерге тамаша көңілкүй сыйлады. Алғашқыда жолбарыстың капитаны басым түсті. Келесі де карсыласы мықты атанды. Уақыт өте ортадағы ұлдар әбден шаршады. Тіпті, оларға төрешілер су беріп, аздап тынықтырып та алды. Конкурс соңында Әнуар ерледі. Ол намысты қолдан бермей елордалық баланы екі рет кілемнің сыртына итеріп шығарды.

Соңғы финалдық эстафетада “Жолбарыс” құрамасы тағы мықтылық танытты. Өзара түсіністікпен жылдамдықтық арқасында мәреге бірінші жетіп жеңімпаз атанды. Енді, ертең біздің өңірдің ұл-қыздары жартылай финалда қарағындының “Арыстан” командасымен кездеспек. Орталыққазақстандықтар Алматы қаласының “Торнада” ұжымын тізе бүктірген болатын.

 

Байболат Бектемірұлы