Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ғ.Мүсірепов ауданына жұмыс сапарымен барды

АЙДАР ЖАНЗАҚОВ – «АЗКО ПЕСКИ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

– Биыл 7727 га жерге егін себілді. Олардың 12 проценті майлы дақылдар. Биыл екі астық кешенін, 3 К700 жұмыс істеді. Уақытында егілді бүкілі.

Аудан әкімі Владимир Дудов, биылғы егін егу науқаны жайында баяндап берді. Осы жылы шаруашалар қарақұмық, бұршақ, жасымық, майлы дақылдардың алқабын ұлғайтқан. Әрі элиталық тұқымның да көлемін өсірген.

ВЛАДИМИР ДУДОВ – Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Өткен жылы біз майлы дақылдарды 60 200 га жерге сепсек, биыл 67 700 га жерге ектік. Биыл суперэлиталық сортты ұлғайттық. Ал минералды тыңайтқыштар бойынша 8300 тоннаға деп келісім жасастық. техникамыз сайлы. Авиапаркімізде 8 ұшақ бар. Ол ауданды ғана емес, облысты да қамтиды.

Өңір жетекшісі диқандарға топырақты өңдеуге ерекше мән беруді тапсырды. Себебі минералды тыңайтқыштар болмаса, жер құнарлығын жоғалтады деді. Кездесуде облыс әкімі өндіріс көлемін ұлғайтып, жұмысшылардың жалақысын өсіру керектігін айтты, техника паркін жаңалап тұру да маңызды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Облыста қаражатының көбі техника алуға кетеді. Көбіне шетелдік техниканы алып жатасыздар. Бұл жерде өзіміздегі мүмкіндікті пайдалану керек. Отандық техниканың саймандары тез табылады әрі бағасы қалта көтереді. Осы жағына мән беріңздер.

Облыс әкімі мал шаруашылығын қатар дамытудың маңызына тоқталды. Мал өсіретін шаруашылықтарда адамдар жыл бойы жұмыс істей алады. Бұл ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға септеседі.

Мал шаруашылығымен айналысу керек, Бүгін экспортқа шығаратын мүмкіндік мол. Сүт өндіру ісі өте пайдалы. Сапалы, таза өнімге сұраныс жоғары.Тіпті сүт жетпейді деуге болады. Қазір егін себуді аяқтадыңыздар, мал шаруашылығын қолға алуға уақыт жеткілікті.

Возвышенка селолық округінде өңір басшысы мал өсіретін ауыл азаматтарымен кездесті. «Возвышенка СК» серіктестігінің жетекшісі Әбдірахым Нұқаев жиналғандарға өз табынын көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті. Серіктестік мал мен егін өсіруді қатар алып жүр. Қазір шаруашылықтың иелігінде 1285 «абердин-ангус» ірі қарасы бар. Ал, жұмысшыларының орташа жалақысы соңғы 4 айда 108 мың теңгені құрапты.

Кездесуде Құмар Ақсақалов , барлық талаптар орындалса, ауыл шаруашылығы пайдалы іс екені атап өтті. Жер мемлекеттікі. Сондықтан сұрау болады. Оны дұрыс пайдаланған жөн- деді. Бұдан соң, көктемде қызыл судан зардап шеккен Рузаевка тұрғындарымен жүздесті. Қазір мұнда 10 отбасына баспана берілді. Ал қалғандарына өтемақы төленіпті.

ВЛАДИМИР ДУДОВ- Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

– Біз 119 отбасына, 96 мың теңгеден бердік. Бұл бюджеттен тыс қаражат. Тұрмыстық техниканы депутаттық корпус үлестіріп берді. Бірінші кезекте көпбалалы отбасыларды қамтыдық. Қалған туындаған сұрақтарды осы жерде шешіп жатырмыз.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов елімізде алапат су тасқындарының алдын алу бағытында бірқатар жұмыстың жасалып жатқанын айтты. Болашақта Ақмола облысында тағы бір су қоймасын салу көзделіп отыр. Ол Сергеев су қоймасына келетін тасқынның мөлшерін азайтпақ. Бұл сұрақ Мемлекет басшысының қарауында деді. Сонымен қатар, өңір басшысы жақында жаңа баспанаға қоныс аударған Соколовтардың үйін көрді. Оларға 3 бөлмелі пәтер тиіпті.

ЛЮБОВЬ СОКОЛОВА – РУЗАЕВКА СЕЛОСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


– Көрсетілген көмек үшін алғысымды білдіремін. Баспаналы болдық. Жағдайымыз жақсарды. Үш бөлмелі пәтер, тар емес. Бұрынғы үйіміз де үш бөлмелі болатын. Біз ризамыз.

Құмар Ақсақалов Петропавл бойынша атқарылатын жұмыстарға да қысқаша тоқталды. Облыс орталығында Былғары зауыты ауданында 2,5 шақырым бөгет орнатылады. Ондағы тұрғындарға да өтемақы толық төленетін болады деді.