МТРА жаңалықтары

СҚО-да жас құтқарушылар чемпионаты өтті

Дәния Абильева, “Құтқарушылар” командасы, Петропавл қаласы:

– Құтқарушы деген шапшаң болуы керек. Бүгін жеңімпаз болғымыз келеді.

Келесі сайыс құтқарушының жауынгерлік киімін киіп жарысу. Бірінші болып шыққан “Құтқарушылар” құрамасы – бұл нормативті 1 минут 38 секундта орындады. Үш қатесі бар. Әр қате үшін көрсеткіштерінің екі секунды алынып тасталынады.

Бранислав Озимковский, “Дельфин” командасы, Мамлют ауданы:

– Тез кию керек болды. Тырыстым. Ең қиыны белбеуді тағу болды. Бұл менің жалғыз қатем.

Негізі кәсіби құтқарушы өрттен қорғайтын жауынгерлік форманы 19 секундта киіп алады. Бұл көрсеткішке М.Жұмабаев ауанынан келген “Кристалл” құрамасы сәл болса да жақындады. Олардың көрсеткіші 57 секунд. Жас құтқарушыларды алда әлі жапа шегушіні қауіпсіз жерге шығару, кедергілерден өту сияқты сындар күтіп тұр.

Ерік Сарыбаев, ТЖД бастығының орынбасары:

– Бізде бабалр ТЖ кезінде лостарын, өзге балаларды өз беттерімен әрекет етіп құтқарып қалып жататын жағдайларды жиі естиміз. Бгінгідей шаралар арқылы оларды шапшаңдыққа баулыймыз. Олар елдің болашақтары.

“Жас құтқарушылар” облыстық чемпионатының жеңімпаздары кубок медальдар иеленіп, өзге қатысуышалар да сыйлықтан құр қалған жоқ.

 

Акбопе Танирберген