Спорт

Республикалық “Мен чемпион” жобасының ақтық сынына қатысушылар “Нептун” аквапаркінде болды

Барлық қызық бассейнде басталды. Республикалық “Мен чемпион” жобасының ақтық сынына қатысушылар 2 сағат бойы суда шомылды. Бұл демалыс Маңғыстау облысының ұлдарына ұнаған сыңайлы. Оларды жетекшілері естелік суретке де түсіріп жатыр. “Дарабоз” құрамасының мүшелері Петропавлға 3 тәулік бойы жол жүріп келіпті. Қонақтардың қаламыздан алған әсерлері тамаша, ұйымдастырылған жарысқа да дән риза.

Али Қабақов – “Дарабоз” құрамасының жетекшісі, Маңғыстау облысы:


–  Бізді жақсы қарсы алды. Тұрғын жеріміз де тамаша. Сайыста керемет.

Бұл бассейнде Жамбыл облысының жастары да жүр. Мына жерде Анель Амангелді өзінің құрбыларымен мәре-сәре болып көңіл көтеруде. Кеше бұл өрендер петропавлдық “Жолбарыс” құрамасына есе жіберіпті. Дегенмен, олар жеңіліске еш өкінбейді. Керісінше сайыс арқылы жаңа достар тапқан.

Анель Амангелді – “Тәуелсіздік ұландары” құрамасының ойыншысы, Жамбыл облысы:

– Жарысқа қатысқаныма қуаныштымын. Алматы облысынан жақсы достар таптым.

Ал, джакузиде Астана қаласының намысын қорғайтын “Форсаж” командасының ойыншылары демалуда.

–  Су өте тамаша. Жылы.

– Біз кеше жеңіске жеттік. Бүгін демалып жатырмыз. Уақытымыз қызықты өтуде.

“Нептун” аквапаркінен соң барлық сайыс қатысушылары қаламыздағы “Демалыс және мәдениет” сабағына бармақ. Айта кетейік, Петропавлда республикалық “Мен чемпион” жобасының финалдық сайыстары маусымның 8-іне дейн өтеді.

Култанов Байболат