Құқық қорғау органдары

82 жастағы қарияны тонаған ұрылар ұсталды

Тапа-тал түсте 2 бейтаныс әйел зейнеткердің үйіне алдап келеді. Алдымен олар 82 жастағы қарияға өздеріндегі затты сатып алуды ұсынады. Кейін, соққыға жығып, тонап қашып кетеді. Ұрылар кейуананың 20 мың теңге ақшасын, ұялы телефоны мен киімдерін қолды қылған. Жәбірленші есін жиған соң, көршілері арқылы жергілікті полиция инспекторына қоңарау шалыпты.

Жәбірленуші:

– Бұл хабардан соң құқық қорғаушылар жедел іздеу шараларына кірісіпті. Полиция капитаны Жандос Ғабдырашитов ауылдағы камерадан күдікті ретінде қызыл түсті ВАЗ 2109 көлігін байқап, бірден аудандық бөлімге мәлімдейді.

ЕРЛАН СҰЛТАНОВ – М. Жұмабаев аудандық ІІБ бастығы:

–  Хабар түскен соң бірден іске кірістік. Жеке құрам дабыл бойынша жұмысқа көшті. Жолдарда автомобиль бекеттері күдікті көлікті бақылады. Нәтижесінде ұрылар көпке ұзамай ұсталды.

Машинаны полицейлер Челябі-Новосібір бағытындағы тас жолда тоқтатады. Темір тұлпар ішінен жүргізушіден бөлек, 2 әйел және 6 жастағы қыз бала болған. 1 нәзік жандыны тексеру кезінде одан зейнеткердің ақшасы мен заттары тәркіленіпті.

Күдікті:

– Кристина ее за руку и я этот халат взяла.

Қазір аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл оқиғада кінәлілер камералардың көмегімен белігілі болды. Қазіргі таңда М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев селосындағы көшелерінде 27 бейнетіркегіш бар. Осы құрылғылар арқылы жыл басынан 12 қылмыспен 125 заң бұзушылық анықталған.

Култанов Байболат