МТРА жаңалықтары

Рәміздер күні ҰҰ Әскери институтында саптық шеру өткізілді

Әнін композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін ақын Жұмекен Нәжімеденов жазған. 2006 жылы Елбасымыз отаншыл әннің мәтінін сәл өзгертіп, Мемлекетіміздің ресми Гимініне айналдырды. Оны әскери институттың курсанттары
күнде шырқайды. Маусымның 4-і еліміздің болашақ сардарларын “Рәміздер күні” мерекесімен қала әкімінің орынбасары Евгений Глотов құттықтады.

Евгений Глотов – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– 25 жыл бұрын қазақ елі мемлекеттік нышандарын бекітіп, әлемге паш етті. Мемлекеттік рәміздер сонау ғасырлардан сыр шертер тағылымды, тарихымыздың шынайы көрінісі, еліміздің бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі.

Мерекеде еңбегімен ерекшеленген сардарлар мен курсанттар мараптталды.

Балғат Қайыр – ҚР ҰҰ ӘИ курсанты:


– Мен мемлекеттік рәміздерді қастерлеймін және оны өз бағыныштыларыма құрметтетуге тырысамын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Әскери институтта рәміздер күніне арналған салтанатты саптық шеру өткізілді.

Намысқой жігіттер Ұлттық ұлан Әскери институтында 4 жыл білім алып, әскери қызметін атқару үшін еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды.

Берік Қасен