Спорт

Өңірде киокушинкай каратэмен айналысушылардың қатары артып келеді

Владимир Витченко – “Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ ұйымы” РҚБ СҚО филиалының директоры:

– 2001 жылы өңіріміздегі киокушинкай каратэ ұйымын Азамат Манапов ашты. Бастапқыда осы спорт түрімен санаулы адам айналысты. Кейін келе қызуғушылар көбейе бастады. Соңғы екі жылда қатарымызға 400-дей адам қосылды. Қазіргі таңда каратэмен жүйелі түрде айналысатын солтүстікқазақстандықтардың саны 1 200-ге жетті. Араларында мектепке дейінгі жастағы балғындар мен ересектер де бар.

Каратэмен айналысушылардың саны жағынан Петропавл Астана және Қарағанды қалаларынан кейін үшінші орында. Спикерлердің айтуынша, қазірдің өзінде каратэні үйренуге ниет білдірушілердің қатары қалың. Биыл Владимир Витченко 350 адамға арнап 9 зал ашпақшы. Биыл аудандарда киокушинкай каратэ ұйымының филиалдарын құру жоспарда бар.

Владимир Витченко – “Бүкілқазақстандық Кекушинкай каратэ ұйымы” РҚБ СҚО филиалының директоры:

– Қазіргі таңда бапкерлерді даярлау мәселесі көтерілуде. Алдағы уақытта М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де каратэ үйірмелерін ашамын. Онда дене шынықтыру пәні мұғалімдері осы спорт түрін жіті меңгереді. Оқуды тәмамдаған соң жаттықтырушылар ауылдарға жіберіледі. Сөйтіп, біз алдағы 5 жыл көлемінде аудандардағы бапкер жетіспеушілігі мәселесін шешпекшіміз.

Бүгінде солтүстікқазақстандықтарды барлығы 17 бапкер жаттықтырады. Биыл тәлімгерлері Әлем чемпионаттары және Еуропа, Еуразия турнирінде бірнеше рет топ жарып, олжалы оралыпты. Жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Жаз бойы жергілікті спортшылар лагерлерде оқуты-жаттығу жиындарын өткізіп, күзде болатын Еуразия чемпионатына тыңғылықты дайындалмақ.

Биыл жерлестеріміз Еуразия чемпионатында жалпы командалық және жекелей сындарда жеңіске жетіп, халықаралық жарыстарға жолдама алуды көздеп отыр.

Берік Қасен