Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті

Бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2,3 млрд теңгеге артық. Бірақ, кей аудандарда бұл жөнінен көрсеткіш көңіл көншітпейді. Өйткені, кіріс саны азайған. Мәселен, Шал ақын ауданында 130 млн-нан 120-ға дейін төмендеген. Дәл осындай жағдай Мағжан Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов және Тимиряз аудандарында да орын алып отыр.

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

– Облыс бойынша 5 ай ішінде біздің табысымыз 93 мың теңгені құрады. Олардың 90 мыңнан астамы бюджеттік мекемелерден. Бізге түсетін салықтардың барлығы табысқа байланысты.

Ал бюджеттің шығысы алғашқы 5 айда 99,2 пайызға орындалған. Осылайша, өңіріміз республика бойынша 5-ші орында тұр. Десе де, игерілмей қалған қаражат та баршылық. Бұл жолы оның сомасы өткен жылғыдай 3 млрд емес, 563 млн теңгені құраған. 144 млн-ы денсаулық сақтау басқармасына тиесілі екен. Аталған ведомство басшысы Владимир Безлердің айтуынша, тиісті соманың игерілмеуінің басты себебі – тапсырыс берілген дәрі-дәрмектердің уақытылы әкелінбеуінде. Өйткені, олар төлемді тек тауарды алған соң ғана жасайды екен.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Бұл істі ашық күйінде қалдыруға болмайды. Өйткені, өңірімізде дертіне шипа іздеп отырған, дәрі-дәрмекке мұқтаж емделушілер бар. Бастысы солардың жағдайын ескеру керек. Білуімше, жоспарды «СК-Фармация» серіктестігі орындамай жатыр. Бұл ретте сіздердің тараптарыңыздан шағым түсіріп, айыппұл санкцияларын енгізу керек. Келесіде мұндай жағдай қайталанбауы тиіс.

Ендігі мәселе – еңбекақы жайы. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қазір облысымызда орташа жалақы 94 мың теңгеге жақындаған. Бірақ, бұл көрсеткішті артқа тартып тұрған аудандар әлі де жетерлік. Мысалы, Уәлиханов ауданындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 36 мың теңге ғана. Аудан әкімі Медет Оспановтың айтуынша, төмен жалақы екі кәсіпорында тіркеліп отыр. Солардың бірі – «Қызыл ту астық» серіктестігі. Бүгінде бұл мәселе бойынша уәлихановтықтар жұмыс жасап, инвестор тартудың қамын ойластыруда. Осы орайда, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов аталған проблеманы бір ай ішінде түпкілікті жоюды тапсырды.
Өкінішке қарай, аталған аудан төмен жалақыдан бөлек, тиісті еңбеақыны төлемеуден де көш бастап тұр. Мәселен, «Агрофирма Қызылту Нан» серіктестігі өз қызметкерлеріне 38 млн теңге берешек. Борышкерлердің тізімде «Қайранкөл элеваторы» мен Петропавл халықаралық әуежайы, Николавка және Явленка астық қабылдау пунктері де бар.

Қайрат Пішенбаев – СҚО мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

– 5 айдың ішінде 177 кәсіпорындар мен ұйымдарда тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында 382 еңбек заңнамасын бұзу анықталды. 299 шешім шығарылды.

Жалпы, облысымызда еңбекақыларын ала алмай жүрген 798 солтүстікқазақстандық тіркелген. Бүгінде жұмыс берушілер қызметкерлеріне 95 млн теңгеден астам ақша қарыз. Бұл олқылықты жою үшін облыстық мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Пшенбаев үш жақты комиссия құрып, олармен бірге отырыс өткізуді және берешекті жабудың арнайы кестесін құруды ұсынды. Оны аймақ басшысы да қолдап отыр.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Бұл сұрақ біз көтерген бірінші мәселемен тікелей байланысты. Сондықтан жалақының көлемі мен уақытылы төленуі барлығы облыстық салыққа байланысты. Қарыз болмау керек. Біз осындай тенденцияны сақтап қалуымыз керек.

Жиында қала әкімі Марат Тасмағанбетов шаһарды аббаттандыру бойынша есеп беріп, алдағы жоспарлар туралы баян етті.
Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов Петропавл көшелерінде орналасқан сауда дүңгіршектері мен жалға берілетін балалар көліктері мен велосипедтерді алып тастауды тапсырды. Өйткені, олар қала ұсқынын кетіреді дейді. Бұдан бөлек облыс әкімі шаһарды аббаттандыруды қарқынды жүргізу керектігін де айтты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Қазір облыс орталығында «Береке» ықшам ауданы жақсы дамып келеді. Құрылыс қарқын алуда. Аббаттандыруды да тыс қалдырмау керек. Бұл ретте, Марат Иманбайұлы, сізге аталған аумақты ең көрікті ауданға айналдыруды тарсырамын. Қажетінше қосымша қаражат та бөлеміз.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қаланы көріктендіру кезінде қоғам пікірін де ескеру қажеттігін айтты.

 

Айгерім Ержанова