МТРА жаңалықтары

Петропавлдықтардың базынасы тыңдалды

Өзінің де, 73-ке қараған ақсақалының да денсаулығы сыр беріп, ауылдан қалаға көшіп келгендегі көргені осы. Екеуінің аз-маз зейнетақысы дәрі-дәрмектен аспайды. Арнайы құрылған комиссия кенттегі өзге үйлерлі аралап, бағасын беріп, бұл отбасы тұратын ауданға соқпай кеткен. Мұндағы гәп Қадырменовтер тұрған үйдің саяжай аумағында орналасуында болып шықты. Қазір кенже қыздары Айымгүлге университет бөлген жатақханадағы бір бөлмені уақытша паналап отыр.

Айымгүл Қадырменова, Заречный кентінің тұрғыны:

– Бізге көмек берілмей жатыр. Себебі бізде үй болса да тұрғын үй ретінде тіркелмеген. Адрестік саправкамыз бәрі бар. Сол жерде тіркеуліміз. Барлық дүниеміз сол жерде қалды. бізге қандай көмек көрсетіледі?

Жұмажан Жүкенов, “Нұр Отан” партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушсі:

– үйдің мәселесі сіздерге өкінішке орай тіркеуде болмағандықтан, қазір мұнда комиссия мүшеоерін арнайы шақырдық сол жерге барып адрестеріңізді барлығын жазып алып, тізімге кіргізеді. Мүмкін көмек көрсетеді.

Қызыл су басқан саяжайларға ешқандай өтемақы төленбейтіні белгілі. Десе де Жамал Қадірменованың жағдайы ескеріліп, бюджеттен тыс демеушілер есебінен көмек көрсетіледі деп уәде етті жетекші партияның жергілікті өкілдері.

Ал, Серікбай Сүйіндіков базынасын арқалап Жамбыл ауданынан жетіпті. Серіктестікте сап-сау жұмыс істеп жүрген механизатор 7 жыл бұрын құлап бел омыртқасын сындырып алған. Содан мүгедектікті өмір бойына аламын деп бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Еңбекке жарамсыз, зейнет жасына жетпеген. Қазір қолында үшінші топ мүгедегі екенін растайтын құжаты бар. Қария оны да мүлде алып тастай ма деп алаңдап отыр.

Серікбай Сүйіндіков, 3-ші топ мүгедегі:

–  7 жыл сынған омыртқамен жүрмін. Өмір бойына осы үшін мүгедектік сұрасам бермейді. Құлағым естімейді. Жүрегім ауырады. Ол аздай екінші топтан, үшіншіге түсіріп тастады. Жыл сайын осында келіп, көп дүниенің қағазын жинау керекпін. Оған жағдайым келмейді.

Арай Нұғыманова, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы:


–  Біз мүгедектікке өткізу үшін науқастың қолындағы құжаттарға қараймыз. Онда қандай ем алғаны, қай аралықта ауруханаға жатқаны жөнінде ақпарат болады. Соны ескереміз. Ауыратын адам жиі ем алуы керек. Сізге бұл үшін ауруханаға жылына бір рет жату қажеттігін айтыпты. Сіз бірінші осы жағын реттеу керексіз. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен облыстық аурухананың бас дәрігері құжаттарыңызды қайта қарайды.

Бүгін қала тұрғындарының қордаланған мәселелерін мәслихат депутаттары, республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың мамандары, медиаторлар мен психологтар тыңдауда. “Нұр Отан” партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы өтеді дегенді естіп келіп жатқандардың саны көп. Дені – судан зардап шеккендер.

Жұмажан Жүкенов, “Нұр Отан” партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушсі:

– Солтүстік Қазақстанда судан зардап шеккендердің мәселесіне ерекше көңіл бөлдік. Задап шеккендерге көмек көрсеттік. 06:36 Бізбен бірге мемлекеттік орган басшылары да келді. Білім ғыым министірлігінің өкілдері, денсаулық министірлігінің өкілдері Бір сөзбен айтқанда тыңдап шешу жолдарын табуға көмектесеміз.

“Нұр Отан” партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында теріскейліктер көп мәселелерінің шешімін тауып жатты. Ал, партия өкілдері күрделі дегендерін әрі қарай да назарға алып, қажет болса заңға өзгерту енгізу туралы ұсыныс жасалатынын айтты.

 

Акбопе Танирберген