МТРА жаңалықтары

Петропавлда Ғ.Мүсірепов ауданының мәдениет күндері өтуде

Қазір онда 600 мың гектар егістік алқабы бар. Шаруалар оған жыл сайын бұршақты, майлы және дәнді дақылдар сеуіп, күзгі науқанда мол астық жинайды. Рекордты өнім алуды аталмыш ауданның диқандары тың игеру жылдарында дәстүрге айналдырған.

Гүлім Оразбекова – Ғ.Мүсірепов аудандық архивінің қызметкері:

– Біздің ауданда тың игеру 1954-ші жылдың 2-ші наурызында басталды. Ол кезде біздің жерде 600-ден астам тың игеруші болды. Олар Приишимский және Боровсой аудандарына келіп, «Ломоносов», «Дружба» және Бірлік» сынды кеңшар құрды.

Ал аумағы бойынша аталған аудан өңірімізде үшінші тұр. Өткен ғасырдың 97-ші жылында ол Рузаев, Куйбышев және Чистопольский аудандарын біріктіріп, Целинныйға ауыстырылды. Тек 2002-ші жылы ғана оған Ғабит Мүсіреповтің аты берілді. Дәл қазір петропавлдықтарға бұл ауданның тарихын архивист Гүлім Оразбекова таныстыруда.

Гүлім Оразбекова – Ғ.Мүсірепов аудандық архивінің қызметкері:

 

– Біздің ауданымызда белгілі тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – Социалистік Еңбек ері Василий Киричок. Ол ауыршаруашылығы саласында 40 жыл қызмет жасады. Оның бригадасы үнемі рекорды астық жинайтын еді.

Бүгінде диқанның ісін оның ұлдары мен 300-ге тарта шаруа жалғастыруда. Олардың ішінде «Атамекен-Агро», «Ақселеу» мен «Дружба» серкітестіктері де бар.

Айгерим Ержанова