Әр түрлі

Маусым айында жауын-шашын шамадан тыс жауады

Жаз келгеннен соң барлығының да табиғат аясында дем алып, күнге күйгісі келеді. Ауылдағы ағайын шаруа тындырып, көктемге еккен еңбектерінің өсіп өнгенін қалайды. Сонымен, маусымда ауа райының орташа температурасы 18-19 градус шамасында болмақ. Алғашқы онкүндікте күн +33-ке дейін ысиды. Түнгі мезгілінде сынап бағанасы 2-7 градусқа дейін төмендейді дейді синоптиктер.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің жетекшісі:


– Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде +14-19, кей жерлерде +9 градус жылыға, күндікз +28-33, кей жерлерде +23 градусқа дейін жоғарылайды.

Жаз мезігілінің алғашқы айының аяғында әдеттегідей жұртшылық суға шомылуды дәстүрге айналдырады. Бірақ, күн бұл уақытта да жылына қоймайтын секілді. Себебі, үшінші онкүндікте сынап бағанасы 26 градустан аспайды. Ал түнде тіпті + 7-ге дейін төмендейді. Маусым айында жауын-шашын мөлшеріде шамадан тыс.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалы метеоболжам бөлімінің жетекшісі:

– Жауын-шашынның айлық мөлшері көп болады. Шама: 33-49 мм. Бірінші, екінші онкүндіктің ортасында және соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында өткінші жаңбыр болады. Бұршақ болуы мүмкін.

Жалпы тарих беттеріне үңілетін болсақ, маусым айындағы ең ыстық күн 1963-ші жылдың 24-і тіркеліпті. Онда сынап бағанасы +38 градусқа жетті. Ал 1938-ші жылдың 10-шы маусымында күн қаһарына мініп, -1,5 суықты көрсетті.

 

Риат Шони