МТРА жаңалықтары

Арнаулы орта және ЖОО жұмысы ашық болуы тиіс

Павел Афанасьев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Құқық” кафедрасының аға оқытушысы, қалалық мәслихаттың депутаты:

– Университетте студенттерден жиі сауалнама алып тұрамыз. Ректорларға хат қалдыратын жәшіктер орнатылған. Заңгерлік клиникасы бар. Онда студенттер оқытушылармен арадағы кикілжіңді медиаторлардың араласуымен шешеді. Егер біреу пара беріп, ал екіншісі алатын болса ол фактіні де жай қалдырмаймыз. Үнемі жастарды адал болуға шақырамыз.

Бүгінде әскери институттар мен әскери бөлімдердің жұмысы
мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бақылауында.

Дүйсембек Елжанов – ҚР ҰҰ ӘИ әскери педагогика және психология кафедрасы бастығының орынбасары:

– Әскери институттқа алғаш келген күнінен бастап біз сардарлар мен курсанттарға заңда жазылған нормаларды айтып отырамыз. Қызметін асыра пайдаланудың арты жақсылыққа алып келмейтінін түсінікті тілмен ұғындырамыз. Өзіміз де оларды үнемі бақылап, шалыс қадам баспауларына жол бермеудің амалдарын қарастырамыз.

Жиналыс барысында білім басқармасының өкілдері де жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған іс-шаралар жоспарымен бөлісті.

Берік Қасен