МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданының құрметті азаматы Армия Әбілқайыров – 75 жаста

Кейін, жеткіншекті әкесі орысша үйренсін деп көршілес Кириловка селосындағы мектепке ауыстырған. Бүгінде азамат алғаш кіндік қаны тамған жерге жиі ат басын бұрып тұрады. Жерлесіміз әр сапарында елді мекендегі ағайынмен кездесіп, бастан өткен оқиғаларды еске алады.

– Армия Әбілқайыров – өзінің туған ауылы Шүкірлікті көркейтуге сүбелі үлес қосқан жан. Оған дәлелі мына мектеп. 2 қабатты ғимарат 2001 жылы қазіргі ел ағасының тапсырмасы бойынша тұрғызылыпты. Бүгінде бұл білім ордасында 33 ұл-қыз оқиды.

Мектепте 17 оқу кабинеті мен акт және спорт залы бар. Бөлмелердің барлығы кең, жарық. Оған қоса шағын мұражайда жұмыс істеп тұр. Мұнда құнды заттар, ауылдың бір туар азаматтары туралы деректер сақталған. Армия Әбілқайырұлына да стенд арналыпты. Оқушыларға ауылдастарының өмірі, атқарған қызметі жайлы жиі айтылып тұрады.

Жерлесіміз мектепті 62-ші жылы Сырымбет сол кездегі Қазгородок ауылында тәмамдайды. Арада қанша уақыт өтсе де ел ағасының жадында бозбала шағы сақтаулы тұр.

Бұрынғы мектеп қазіргі – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы. Бұл ұядан бір кездері Кәкімбек Салықов, Бәйкен Әшімов, Еркін Әуелбеков сынды тұлғалар түлеп ұшқан. Музейде қазір 7 жарым мыңнан аса дүние сақтаулы тұр. Мұражай ұжымы Армия Әбілқайыровтың сіңірген еңбегін ұмытқан емес.

Уәлихан Құлбаев – Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының директоры:

– Музейге көмек керек болғанда Армия ағаға баратынбыз. Ол үнемі қол ұшын беретін.

Сырымбет тауының етегіндегі Айғаным қонысы да азаматтың өмірімен тікелей байланысты. Өйткені, бұл жердегі мешіт, мектеп, медресе, үй мен монша және диірменді Армия Әбілқайыров Айыртау ауданының әкімі болған кезінде тұрғызылыпты. Қазір қарағайдан салынған нысандар қаз-қалпында сақтаулы тұр. Осыдан 24 жыл бұрын Өскемен мен Алматыдан әкелінген жиһаздар да еш бүлінбепті. Жерлесіміз тарихи орын кейінгі ұрпаққа қалар мирас дейді.

Армия Әбілқайыров – Айыртау ауданының құрметті азаматы:

– Айғаным қонысын 93 жылы салып бітірдік. Мұндай орындарды жастар білу керек. Өйткені, бұл – тарих.

Ақан Сері ауылының кіре берісінде ақынның 150 жылдық мерейтойына орнатылған ескерткіш бар. Оның биіктігі – 3 метр. Мұра таза қоладан 1993 жылы тұрғызылыпты. Ескерткіште Құлагердің үстіндегі домбыра шерткен Ақан сері, иті Басаралы мен Қаршыға құсы бейнеленген. Айыртаудағы Қарасай мен Ағынтай батырлар мемориалдық кешені алыстан көз тартады. Мұнда ел басына күн туғанда жаумен күрескен қазақ ерлерінің сүйектері жатқандығы белгілі. Бұл жерге әсіресе туристер көп келеді екен. Былтыр 3 мыңнан аса адам болып, аруақтарға дұға жасаған. Аталған қос құрылыс та Армия Әбілқайырұлының бастамасымен ашылды. Батырлардың қабірлері жергілікті тұрғындардың айтуымен табылыпты.

Армия Әбілқайыров – Айыртау ауданының құрметті азаматы:

– Мәдениет ауылда тұратын ақсақалға атасы Айыртау мен Баянтаудың арасында екі батыр жерленген депті. Сол бойынша біз осы жерді таптық. Бірден әкеліп тас қойдым.

Бұрынғы Айыртау ауданы әкімінің Саумалкөлде де атқарған жұмысы ауқымды. Селода 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналып ескерткіш ашылған. Маңына қарағай ағаштары егіліпті. Тағы, Армия Әбілқайырұлы орталықтағы көше аттарын тарихи тұлғалардың есіміне ауыстыруға ат салысқан екен. Бүгінде 75 жасқа толып отырған жерлесіміз Айыртау ауданың құрметті азаматы. Ол “Парасат” және “Құрмет белгісі” ордендері мен “Еңбектегі ерлігі үшін” медалімен марапатталған.

 

Байболат Құлтанов