Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жамбыл ауданындағы “Династия Агро” серіктестігі тәулігіне 10 тонна зығыр майын шығарады

Владимир Кан – “Династия Агро” серіктестігінің құрылайтайшысы:

– Біз алғашқыда Қытай еліне 21 мың 500 литр, кейін тағы сонша мөлшерде зығыр майын жібердік. Екінші компания 20 тонна май сатып алды. Жергілікті тауар аспан асты елінде жоғары бағаға ие. Тіпті, олар вагонмен алуға дайын.

Айта кетейік, серіктестік басшылығы зауытты өз қаражатына тұрғызыпты. Бұл іске 35 млн теңге ақша жұмсалған. Қазір мұнда техникалық және азықтық зығыр майы шығырылады. Тағы, өнімнің дәрілік қасиеті де бар. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары мен асқазан аурулары және ракқа шалдыққан адамдарға пайдаланған жөн екен. Кәсіпорын құрылтайшысы Владимир Кан зауыттың қауқарын арттыруды көздейді. Ол үшін мемлекет қолдауының арқасында, май құюға арналған аппарат сатып алмақ.

Владимир Кан – “Династия Агро” серіктестігінің құрылайтайшысы:

– Осыдан 10 күн бұрын бізге 27 млн 500 мың теңге ақша несие берді. Қарыз ақшаның жылдық мөлшерлемесі 14 пайыз. Оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Бұл біздер үшін өте тиімді. Май құюға арналған қондырғыны орнатсақ жұмысымыз жеңілдейді. Болашақта тәулігіне 30 тоннаға дейін өнім әзірлейтін боламыз.

Келешекте шаруашылық басшылығы Европа елдеріне де тауар сатуды жоспарлап отыр. Ал, бұл зығырдың қондырғыдан өтіп, сығылып қалған түрі. Олда пайдаға асады.

Жалпы, бүгінде “Династия Агро” серіктестігі тағы да бір жергілікті кәсіпорынмен бірігіп 1800 гектар жерге егін егіп отыр. Оның 40 пайызына зығыр өсіріледі. Алдағы уақытта қос шаруашылық кендір, алатікен сынды шөптерден май алуды көздеп отыр.

Култанов Байболат