Мәдениет

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры 18-ші маусымын аяқтады

Жалпы спектакль Шерхан Мұртазаның “Әзиза” пьесасы желісімен сахналануда. Театр труппасы қойылымды 2 ай бойы дайындап, қалың көрермен назарына ұсынды. Спектакльде тек қуғын-сүргін құрбандары ғана емес, олардың артынан қалған туған-туыстарының да өмірі бейнелген.

Баатырбек Шамбетов – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының бас режиссері:

– Репрессия құрбандарының артынан қалған бала-шағалары, жұбайлары өмір бойы “халық жауы” деген қара таңбаны маңдайына ұстап жүрді. Олардың сол кезде көрмегені жоқ, тіпті автобуста тыныш отыра алмады. Полиция қызметкерлерін көргенде қашатын. Сол қайғы мен қасірет бізді бей-жай қалдырмады. Сондықтан осындай спектакльді қоюды жөн көрдік.

Тұрардың артынан жары Әзиза да тұтқынға алынды. Нәзікжанды тағдыр қосқан қосағы жайлы бейхабар. Бір білетіні – оның еш жазығы жоқ. Алайда, солақай саясат салдарынан Рысқұловтар жанұясы “халық жауының отбасы” атанды. Әзиза мен Ескендірден басқа Тұрардың қайын енесі мен қыздары да жапа шекті. Оның ішінде абақтыда дүниеге келген кішкентай Лида да бар. Бұл сталиндік репрессия ойран салып, тағдыр тауқыметін көрсеткен жалғыз отбасы емес. Белгісіз жаққа бет бұрып жатқан поезд вагонында тағы да алты “Отан сатқындарының” әйелдері бар. Ресей қалаларын шарлап өткен олар Қызылжарға ат басын тірейді. Дәл осы жерде олардың алдағы тағдыры шешілмек.

АЛЖИР-ге келген әйелдер далада күні-түні жұмыс істеп, НКВД мүшелерінің көрсеткен қорлығына да төзді.

Аида Супатаева – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актрисасы:

– Бұл өте қорқынышты. Олардың көргенін айтып жеткізу мүмкін емес, оны тек сезінуге болады. Адамды адам құрлы көрмеген. Басындырып, төмендетіп тастау. Бұдан кейін адамдар өздерінің басын көтере алмайтындай жағдайға жетті.

Жұмсақ мінезді болғанына қарамастан Әзиза бар тағдыр тауқыметін көріп, 10 жыл айдаудан соң бостандыққа шығады. Алайда, еліне қайта оралған оны құшақ жая қарсы алатын адам жоқ. Ол әлі де “Халық жауының” әйелі еді.

Жалпы театрдың 18-ші маусымында көрермен назарына су жаңа 5 спектакль ұсынылған.

 

Эльмира Садвокасова