МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды

Амангелді Совет:

– Бүгінгі шара 1-ші маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне арналған. Ашық есік күніне 100-ден аса балғын келді. Олардың дені – ҰҰ 6637 әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздардың балалары.

Архат Тәттімбетов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Бұл шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ояту. Еліміздің армиясының қуатын көрсету.

Газель, уазик, камаз. Мұнда әскери техниканың түр-түрі жайғастырылған. Көбінің қызығушылығы БТР-ға ауды. Ерінбегеннің барлығы үстіне мініп, ішіне кіріп-шығып жүр. Сондай-ақ, балалар командалық-штабтық машинаның да кереметтігін көрді. Бұның арқасында кез келген жерде байланыс орнатуға болады.

– Қуатты армия – қуатты Қазақстан! Бүгінгі көрмеге әскери бөлімде бар қару-жарақтың сан алуан түрі жайғастырылған. Мәселен, мынау – Драгунов снайпер винтовкасы. Колибрі – 7,62 мм. 1 200-1 500 метр қашықтықтағы нысанаға дәл тигізу мүмкіндігіне ие.

Шара барысында балғындар өз ата-аналарымен бірге спорттық эстафетада бақтарын сынады. Түрлі сыннан өтіп, жылдамдықтарын да көрсетті.

– Мен мұнда ата-анаммен келдім. Барлығы ұнады.

– Маған түрлі машиналар мен қару-жарақтар ұнады. Өскен соң солдат болғым келеді.

Ашық есік күнінің соңында мерекелік іс-шараға қатысушылар дала асханасында солдат ботқасынан дәм татты.

 

Риат Шони