Қайырымдылық

“Нұр Отан” партиясының өкілдері балғындарға сыйлықтар табыс етті

Валентина Шведова – бабушка:

– Бізді мерекелік шараға “Нұр Отан” партиясының өкілдері шақырды. Оларға алғысым шексіз. Назардан тыс қалдырмай, немерелеріме сыйлықтар беріп жатыр. Қызым жүре алмайды. Оның үстіне көзі де нашар көреді.

Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына 30-ға жуық жеткіншек келді. Олардың барлығына “Нұр Отан” партиясының “Бақытты балалық, бақытты отбасы” атты жобасының аясында ойыншықтар мен түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Кеңес Мұқышев – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бұл шараға “Асыла ана” мен “Қызылжар аналары” деген екі қоғамдық бірлестіктің мүшелері қатысып отыр. Олардың барлығына ЛЕГО, пазлдар мен доп сынды түрлі ойыншықтар сыйланады. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктер мен кітапханаға Алғыс хат табыс етеміз.

Шара соңында балалар мен кітапхана қызметкерлері түрлі қызықты ойындар ойнады.

 

Риат Шони