МТРА жаңалықтары

СҚО маусымның 17-сі “Мөңке күні”аталып өтілмек

Сайран Хамзин – СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы:

– Биылғы мерекеде біз былтырғыға қарағанда екі есе көп уха әзірлейміз -140 литр. Оны қаламыздың 6 аспазы дайындайды. Бұдан бөлек, мөңкені қақтаудың әдістерін де үйретеміз.

Ал мерекенің маңызды тұсы – ол балық аулау жарысы. Ереже бойынша қатысушылар тек табан ғана ұстаулары қажет. Мәселен, былтырғы жылы аталған сайыстың 22 үміткері 75 келі балық аулаған. Айта кеткен жөн, биыл Пестрое көлінде мөңкенің 1,5 тоннасын ұстауға рұқсат берілген.

Алёна Третьякова – «Праздничный город» агенттігінің директоры:

– Екінші аймақтық «Мөңке күні» биыл маусымның 17-не жоспарланып отыр. Қатысушылар Пестрое көлі маңына таңғы сағат 5:30-нан жинала бастайды. Ал нақты балық аулау сайысы жеті жарымда болады. Ол 3 сағатқа созылмақ. Кейін нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Қазір аталған сайысқа қатысушыларды тіркеу жүргізіліп жатыр. Әзірге, 30 азаматтан өтініш келіп түскен.

– Сайысқа кез келген адам қатысуға құқылы. Бірақ ең алдымен 1500 теңге көлемінде жарна төлеу керек. Ал бастысы жарыс шарты бойынша қатысушылар қармақ пен жем ала келулері қажет. Қайық пен қорғаныш желеттерін де ұмытпаған жөн.

 

Айгерим Ержанова