МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Жақын адамдар” атты фотосуреттер көрмесі ашылды

Дмитрий Агалаков – фотограф, көрме авторы:

– Мен науқас ұл-қыздарды өткен жылдың күз айынан бастап суретке түсіре бастадым. Олардың барлығымен танысып та үлгердім. Балғындардың бәрі адамға жақын. Бірден бауыр басып кетеді. Сол себепті, фотосуреттердің көбі қуанышты сәттерде дүнеге келді. Өзіме жұмысым ұнады.

Әр фотосуретке зер салсақ, балғындардың жанында жақындары бар. Бірі анасымен, келесілері ағасымен түскен. Ал, мына туындыда Әсия есімді қыз әкесімен тұр. Екеулері де өте қуанышты. Даун ауруына шалдыққан 8 жастағы баланы сауықтыру үшін отбасы мүшелері ауылдан қалаға көшіп келіпті. Бүгінде қыздың жағдайы жақсарған.

Зүлфия Хамитова – ата-ана:

– Қызыма суретке түскен өте ұнайды. Әріптерді үйреніп алды, санай алады. Өлең, тақпақтарды жатқа біледі.

Тағы, шарада науқас жеткіншектердің қолөнер жұмыстары да көрермен назарына ұсынылды. Айта кетейік, “Солнечный дом” қоғамдық қоры ұйымдастырған көрмеге жалпы саны 25 фотосурет қойылды. Туындыларды жерлестеріміз 1 ай айдың көлемінде Бейнелеу өнері мұражайында тамашалауға мүмкіндіктері бар.

 

Култанов Байболат